Қыдырымпаз Мути қайда болды?

Dalanews 26 ақп. 2015 22:40 194

Италияның танымал актрисасы Орнелла Мутиді өзі жұмыс істейтін Верди қаласының театры сотқа берді. Ол сахнада кезекті рольін сомдауы тиіс кезінде жалған медициналық анықтама жасатып алып, ел аралағаны әшкере болып қалды.


Осылайша танымал актриса «Еңбек заңын» өрескел бұзып, айыпты болып қалған жайы бар. Ол театрдағы жұмысы үшін 25 мың мың еуро гонорарды күні бұрын алып қойған. Заң орындары болған жағдайды мұқият тергей келе актрисаны кінәлі деп тапты. Жалған медициналық анықтама жасатып, «ауырған» кезінде Мути Петерборда американдық актер Кевин Костнермен бірге қайырымдылық кешіне қатысып, Владимир Путинмен табақтас болған. Театр әкімшілігі бұлтартпас айғақ ретінде сотқа бейнетаспаны ұсынды. Бұдан кейін Верди қаласының әкімшілік соты Орнелла Мутиді сегіз ай абақтыға қамап, 600 еуро айыппұл төлеу турасында шешім шығарған. Бірақ қыдырымпаз әртістің абақтыға отырмай, жазадан құтылып кетуіне болады. Ол үшін ол 30 мың еуро төлеуі тиіс. Бұған дейін салық орындары Мути ханымның салықтан жалтарғанын айтып, бір шудың шетін шығарғаны есімізде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x