Кавказ сусыз қалуы мүмкін

Dalanews 26 ақп. 2015 22:34 136

«Росгидромет» мекемесіне қарасты Таулар геофизикасы ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері 2050 жылдары Кавказ тауларындағы мұздықтардың 40 пайызы еріп кетуі мүмкін екенін мәлім етті.


Кавказ тауларында мұздықтарының жартысына таяу бөлігі ерісе, аймақ үлкен экологиялық апатпен бетпе-бет келуі мүмкін. Сондықтан ғалымдардың мәсле көтеріп, дабыл қағыуы орынды. Институт директорының орынбасары Хажбар Калов:


– Біздің ғалымдар соңғы жылдары Эльбрус аймағындағы 120 шаршы/шақырым аймақты алып жатқан 21 мұздықты бақылады. Мұздықтардың орташа қалыңдығы 80 метр. Соңғы жүз жылда олардың 50 пайызы еріп кеткен. Қазіргі таңда мұздықтардың қалыптасуына қарағанда еруі жылдам жүріп жатыр. Біз осыға қатты алаңдаулымыз, – дейді. Мұздықтардың еруі болашақта аймақта су тапшылығын тудырып, Кабардино-Балқариядағы ірі су электр стансаларының жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ғалымдар тау басыдағы мұздықтардың еруіне парник газдардың ерекше үлес қосып отырғанын да айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x