Барса келмес сапары

Dalanews 26 ақп. 2015 22:31 214

Mars One компаниясы болашақта Марсқа аттанатын жүз адамды таңдап алды. Олар кері қайтпайды, Марс оларға мәңгі мекен-жайы боламақ. Бұл жобада Mars One компаниясы бір бағыт бойынша сапар ұйымдастырып отыр.

Ұйымдастырушылар өзге ғаламшарды игеруге дүниежүзінің 200 мыңнан астам тұрғыны тілек білдіргенін мәлім етті. Қайтпас сапарға аттанатын адамдардың білімді, денсаулығы мығым болуы тиіс. Сондықтан бұл талапты үдесінен шығу үшін үміткерлер көптеген сынақтан өткен. 2013 жылы Марсқа аттануға ниет білдіргендердің саны 1058 адам болса, 2014 жылы олардың 660 қысқарған. Биыл мамандар жаңа жерді игеруге аттанатын 50 еркек пен 50 әйелді іріктеп алды. Олардың 39-ы Солтүстік Америкадан болса, 31-і Еуропа тұрғыны, 16 адам Азия құрлығынан, 7 адам Африкада, Ресейден 5 сынақтан өтсе, Украинадан бір адам таяу болашақта Марсқа аттанбақ. Барса келмес сапарды ұйымдастырушылар 2018 жылғы қызыл ғаламшағарға тәжірибелік модульді аттандырып көрмек. Ал адамдарды аттандыру 2024 жылға жоспарланып отыр. Mars One компаниясы болашақта Марсқа аттанған адамдардың күнделікті өмірі тікелей көрсетілім көрсетіп, қыруар пайда табуды да көздеуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x