Путин сайлауға түсіп, 2030 жылға дейін ел басқара ма?
Владимир Путин келесі жылы да президент сайлауына түсіп, 2030 жылға дейін билікте қалатын ойы бар, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған қатысты жорамалды Reuters агенттігі жасаған. Ал Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәліметке қатысты, “Путин әлі сайлауға түсуге шешім қабылдаған жоқ және сайлау мерзімі әлі жарияланбады” деп жауап бергені есімізде.
Федерация кеңесінің заңына сәйкес, сайлау мерзімі желтоқсан айының алғашқы жартысында жариялануы тиіс.
Сайлау шамамен 17 наурызда өтуі мүмкін. Путин осыған дейін сайлау күні ресми жарияланғаннан кейін өзінің шешімін айтатынын мәлімдеген.
Агенттік дереккөзінше, Путиннің кеңесшілері қазір сайлауалды науқанға дайындалып жатыр.
Владимир Путин 2000 жылы билікке келген.
Тағы оқыңыз:
Туризм. Төлеби ауданында саумалмен сауықтыру орталығы іске қосылды