Cоңғы жаңалықтар
Back

“Сөз сүйектен өтеді…”. Рымбаеваның ұлы мәртебелі марапаттан бас тартты

“Республика күні” қарсаңында қоғамға танымал азаматтарға орден-медал табысталып, сый-құрметке бөленген болатын. Көптің ішінде жас әнші Әли Оқапов та жүр еді.

Экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров осы тұста әншінің “Құрмет” орденіне лайық емесін айтып, жоғары жақтың шешімін сынға алған.

“Достар, “Құрмет” орденін алған қатардағы орындаушы Әли Оқаповқа берілгеніне қарсымын және келіспейтінімді айтқым келеді. Рымбаева және оның отбасын төмендеткім келмейді, бірақ осы атақ тұрғысынан жауапсыз қалған сұрақ көп. Азаматтарға орден мен награда бермес бұрын, қоғам мен ел алдында атқарған ерен істері жіпке тізілуі керек. Бұл марапат елдің дамуына, ғылым мен білімге үлес қосқан жандарға берілсе құба-құп”, – деген болатын экс-шенеунік.

Оқапов өзін сын садағына алған Бердіоңғаровқа келесідей жауап қатыпты:

“Қымбатты достар, соңғы жағдайға байланысты пікір білдіргім келіп отыр. Шынымды айтсам, дәл осылай ел талқысына түсемін деп күтпедім. Ешкімге кінә артпаймын, бірақ бұл дұрыс емес.

Сондықтан осы сәтті пайдаланып, осы күнге дейін алған барлық музыкалық жүлделерімнен бас тартамын. Тіпті, мұны көптен бері ойлап жүрген едім. Өйткені менің ұлыма балалар бөлмесі қажет.

Ал статуэткалар орын алады. Мемлекеттік марапат – салмақты жүлде. Мен жүлдені қайтару жөнінде Ата Заңды да оқыдым. Бірақ өзіме қажетті нормативтік құжатты таппадым. Демек осы күнге дейін ешкім мемлекеттік марапаттан бас тартпаған, – дейді әнші.

Осы орайда әнші марапат алатынын түнде ғана естігенін айтып ақталыпты.

“Мен ештеңені алдын-ала білмедім. Ұйымдастырушылар түнде ғана хабарласып, таңертең марапаттау рәсіміне келіңіз деді. Өзімді не күтіп тұрғанын да түсінбедім. Сондықтан ешкімнің алдында кешірім сұрағым келмейді. Сыйлықтан бас тарту – өзімнің шешімім. Ешкім мені мәжбүрлеген жоқ. Осы күні мені қолдаған барлық тыңдарманыма алғысым шексіз. Мен бақытты адаммын. Отбасым жанымда, сүйікті ісіммен айналыса беремін”, – деп алғыс білдірді әнші.

Бұл ел назарын басқа жаққа бұрудың амалы болуы мүмкін. DALA INSIDE телеграм арнасының айтуынша, билік елдің ойын бөлетін 8 прикол жинап қойған. Толығырақ осы жерде: https://t.me/dalainside/1435