Көлгіновке қатысты тергеу жүріп жатыр ма?
Бүгін ҚР Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев ҚР Парламенті Сенатында халық қалаулыларымен кездескеннен кейін журналистердің Астана қаласының экс-әкімі «Алтай Көлгіновке қатысты іс қозғала ма» деген сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Өз кезегінде журналистер экс-әкімге қатысты іс қозғалып, қозғалмағанын сұрағанда Әсет Чиндалиев былайша жауап берді.
– Бұрынғы әкімге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр ма, әлде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанына қатысты менде ақпарат жоқ, – деп қысқа қайырды.