Әйел образы алға шықсын!

Dalanews 22 ақп. 2015 08:13 301

Таяуда АҚШ-тың гендерлік саясатты жақтаушылары соңғы жылдары Голливуд туындыларында басты рольдерді ер адамдар еншілеп алғанын айтып, реніштерін жайып салды. Олардың ойынша, бүгінде кино туындыларда әйелдер бейнесі басты рольге шығуы тым төмендеп кетіпті.

2014 жылдың есеп бойынша әйелдердің образы 12 пайызға дейін құлдыраған. Осылайша Голливуд гендерлік саясатты сақтау мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Өткен жылы көрермен көзаймына айналған нәзік жанды актрисаларды саусақпен санап алуға болады екен. Олар – Дженнифер Лоуренс, Розамунд Пайк және Анджелина Джоли. Гендерлік саясатты ту етіп көтерген феминистка көгілдір экраннан кинодағы еркек бейнесінен жалыққандарын айтып, Голливуд режиссерларынан алдағы уақытта әйел образына алға шығаруды талап етті. Сондай-ақ, олар фильмдердің оқиға желісінде еркектердің жұмыста жүріп, әйелдердің үй шаруасымен айналысатыны шынайы өмірге жанаспайтынын да жасырмай айтты. Әйел құқын қорғаушылардың ойынша, бұл мәселені әйел режиссерлердің көбейтіп қана шешуге болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x