Cоңғы жаңалықтар
Back

Әсел Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары мәресіне таяп келеді. Бүгін ұлттық құрама қоржынына бірнеше жүлде түсті. Солардың бірін Түркістан облысының спортшысы, ұлттық құрама мүшесі Әсел Қанай еншіледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каратэші қыз 61 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін тартыста Иран спортшысы Атуша Голшаднежадты 1:0 есебімен тізе бүктіріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 22 жастағы Әсел Қанай Азия ойындарында 4 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті.

Атап айтсақ, Малайзия, одан кейін Филиппин спортшысын жеңді. Жартылай финалда ғана қарсыласына есе жіберді. Дегенмен  жарысты жеңіспен аяқтап, сенімді ақтай білді.