СІМ: Галкиннің концерті өтпей қалуының саяси астары жоқ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ресейлік әртіс Максим Галкиннің концертінің өтпей қалуына байланысты пікір білдірді.
Еске салайық, бұдан бұрын ресейлік әртіс өзінің ұйымдастырушыларымен бірге бірнеше айдан бері концерттерін өткізуге рұқсат алуға тырысып жатқанын жеткізген. «Кейбір ойдан шығарылған себептер, сахна сыртындағы тыйымдар. Билеттерді сату не тоқтайды, не тоқтамайды. Түсінемін, мен қандай да бір себептермен Қазақстан билігіне қауіп төндіретін сияқтымын, олар менің концерттерімді өткізуден сескенетін сияқты. Қазіргі уақытта менің концерттеріме тыйым салынған. Бірақ «Қазақстанды және оның халқын жақсы көретінін» және осы оқиғаға өкінетінін айтты», – деген әзілкеш Максим Галкин. Кейінірек Халықаралық концерттік агенттіктің басшысы Алексей Пучков Галкиннің Қазақстанға келетінін, елімізде екі концерт өткізетінін мәлімдеді.
Журналистер Айбек Смадияровқа «Әрбір концертке осындай дау көтеріледі деп ойламаппыз, концерттің өтпей қалуының саяси астары бар ма?» деген сұрақ қойған. Бұған Айбек Смадияров «менің ойымша, саяси астары жоқ» деп жауап берді.
Әлемжеліде тараған ақпаратқа қарағанда, Ресей тарапынан Қазақстанның ресми органдарына кейбір әртістердің концертін өткізуге тыйым салынған-мыс. Алайда бұл әңгімені Смадияров жоққа шығарады.
“Мен мұндай хаттың жолданғанын бірінші рет естіп тұрмын. Тіпті егер сол хат жолданған күннің өзінде концерттерді өткізу немесе өткізбеу мәселесі біздің мәдениет саласындағы органдарға құзырында. Халық кімді тыңдап, кімді тыңдағысы келмейтінін өзі шешеді. Өнер мен мәдениет саясаттан тыс болуы керек”, – дейді ол.
Айбек Смадияров әлеуметтік желідегі жазылғандардың ішіндегі сандырағы барын, ол жайлы пікір білдіру артық екенін айтты. Алайда кеше ресейлік әртістің концерттері өтеді деп жоспарланған Алматы мен Астананың концерт залдарында «сахналар мен коммуникациялардағы проблемалар» анықталғаны хабарланды. Алматыдағы сахна механиктерінің апатты жағдайын жарияласа, Астанада «коммуникацияларды жөндеу» туралы айтылды.
Айта кетсек, Максим Галкин Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынап, елден кетуге мәжбүр болған. Ресейде оған шетелдік агент мәртебесі берілді. Бір жылдан астам уақыт бойы Галкин Израильде өнер көрсетіп, Ресей басшылығының кейбір шешімдерін келемеждеді.