Мадонна қартайды

Dalanews 20 ақп. 2015 10:16 266

Таяуда Ұлыбританиядағы ең ірі BBC Radio 1 радиостансасының қызметкерлері әлемді ауызна қаратқан Мадоннаның күні өткенін ашық айтып, әншінің Living For Love деп аталатын әнін эфирге шығармай тастады. 

Радио қызметкерлерінің осындай батыл мәлімдемесінен кейін әйгілі әншінің өнеріне табынушылар оларға қарсы уәж айтып, өздерінің келіспейтіндерін білдірді. Дегенмен BBC Radio 1 музыкалық сарапшылар өз пікірлерінен қайтпайтынын ашық айтты. Олар: «Бүгінде Мадонна қартайған, оның шығармашылығы жастар үшін қызықты емес. Біздің радионы 15-29 жас аралығындағы жастар тыңдайды. Олар Мадоннаның әндерін тыңдамайды. Сондықтан оның әнін эфирге шығармауды жөн деп таптық», – деді. Өз кезегінде Мадоннаның жанкүйерлері BBC Radio 1 радиосы әншілерді жасына қарай жіктейтін болса, 72 жастан асып кеткен Пол Маккартнидің әнін неге беретінін айтып қалды. Бірақ оған радио қызметкерлері мән берген жоқ.

Жарытымды уәж таппаған соң, әншінің жанкүйерлері Мадонна американдық Interview журналына жартылай жалаңаш суретке түсіп, біраз жасқа келсе де өзінің сымбаттылығын сақтап, жұрттың назарын аударғынын да айтты. Осылайша олар әншінің мақтауын асырғанымен BBC Radio 1 радиосы илігетін сыңай байқатпады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x