Мамонттар адам қолынан қырылған ба?

Dalanews 20 ақп. 2015 10:13 270

Германияның Тюбинген университетінің ғалымдары мамонттың сүйегіндегі көміртек изотопын зерттей келе, осыдан 30 мың жыл бұрын ауа райы алып жануардың өмір сүруіне жайлы болғанын анықтады. Ғалымдар қазіргі Батыс Еуропа аумағында мамонттардың жойылып кетуіне адамдардың аңшылық іс-әрекеті себепші болуы мүмкін деген жорамал жасады.    

Ғалымдар Гравет дәуіріндегі (біздің жыл санауымызға дейінгі 30,5-22 мың жыл) мамонттардың сүйегі мен тісін зерттей келе олардың табиғаттың кесірінен өлмегеніне көз жеткізді. Олар Германияның Швабск таулары мен Францияның Дордонь жазығынан табылған мамонт сүйектерін зерттеген болатын. Зерттеу қорытындылары дәл сол кезде алып жануар үшін Батыс Еуропада шөп те, су да жеткілікті болғанын көрсеткен. Ғалымдар өз ойларына көз жеткізе түсу үшін қазіргі кездегі ат пен бұғылардың сүйектеріндегі көміртек изотопын зерттегенде екі сүйекте де күкірт пен азоттың тұрақтылығын байқаған. Осыдан кейін мамандар алып жануардың жоғалып кетуіне ауа райының күрт ауытқуы мен экологиялық жағдайлар себепші болды деген пікірдің қате екенін анықтады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x