Cоңғы жаңалықтар
Back

Мемлекеттік марапаттардан «Елбасы» сөзі алынады

Мәдениет министрлігі бірқатар ведомстволық наградаларға өзгерістер енгізетін президент жарлығының жобасын жариялап, бұдан былай мемлекеттік күзет қызметі марапаттарының атауы өзгертінін жеткізді. 

Жарлық жобасына сәйкес:

«Елбасының қауіпсіздігін ерлікпен қамтамасыз еткені үшін» медалі «Лайықты қызметі үшін» медалі болып өзгертіледі;

«Елбасының қорғаны» төсбелгісі бұдан былай «ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері» деп аталады. Сондай-ақ, ОСК-ның «Сайлау органдары жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» деп аталатын өз медалі пайда болады.