Cоңғы жаңалықтар
Back

Рамзан Қадыровқа жасалған бүйрек трансплантациясы сәтсіз болды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа бүйрек трансплантациясы отасы жасалды. Алайда, мамандар орған ағзаға дұрыс сіңісіп кетпегенін айтқан. Бұл туралы Obozrevatel.com Мәскеудегі шешен диаспорасындағы дереккөздерге сілтеме жасап жазды. 

Ақпаратта Қадыровтың Мәскеудегі медициналық мекемелердің бірінде ауыр халде жатқаны атап өтілді. Қайтадан трансплантация операциясы жоспарланған көрінеді.
Шешенстан басшысы ауыр отадан есін жинаған кезде оған оның жақтастары мен мұрагерлері келіп билікті бөлісу жайында пікірлескен.

Қазір Кремльдің орталық ауруханасы шешен жауынгерлерінің қорғауында. Тіпті, олардың көпшілігі жансақтау бөлімі орналасқан ғимаратқа жайғасып алған.

Тағы оқыңыз:

«Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниялары 15 млрд теңгені қалай жоқ қылды?!