«Концерт өтпейді!». Галкин Қазақстанда орыстың мәдени экспанциясынан арылу үрдісі басталғанын түсінуі тиіс
Танымал ресейлік әзілкеш, тележүргізуші Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып шағымданғаны ақпарт құралдарында қызу талқылануда.
Әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Видеода ол Қазақстанда өтетін концертке қатысты бірқатар қиындық туындағанын айтып, бұл жолы қазақстандық көрерменмен қауыша алмайтынын жеткізді.
– Қазақстан билігі менің Астана мен Алматы қалаларында концерт өткізуіме барынша кедергі жасап жатыр. Ұйымдастырушыларыммен бірнеше ай бойы кеш өткізу үшін барымызды салып жатырмыз. Бастапқыда бәрі керемет еді. Билеттер сатылып жатты. Кейін түрлі себептерді ойдан шығарып кедергі жасап, тыйым салды. Билеттерді сату тоқтатылды, кейін қайта сатылымға шықты.
Менің концерт өткізуіме бөгет жасап жатқанына қарағанда Қазақстан билігі менен қорқатын сияқты. Дәл қазір мемлекеттік деңгейде кеш өткізуіме жасырын тыйым салынды, – депті Максим Галкин.
Украиандағы соғыс басталғалы бері Қазақстанда концерт өткізуді жоспарлаған біраз әншінің маңдайы тасқа тигені белгілі.
Бұл ретте билік пен халық Галкиннен қорықпайды. Ол Орталық Азия елдерінде орыстың мәдени экспонциясынан арылу үрдісі бастау алғанын түсінуі керек. Бұл ретте біздің ел орыстың әншілері соғысты қолдайды, қолдамайды деп қарабайыр түсінікпен қарамайтынымызды ұғынуы тиіс.
Егер оған ақылы жетпесе, Қазақстанның ауласына босқа тас лақтырып арам тер болмасын!
Тағы оқыңыз:
Сарыағашта сағыз, кәмпит және чупа-чупс шығаратын кәсіпорын табысты жұмыс істеуде