Cоңғы жаңалықтар
Back

«Приғожинді шілдеде өлтіріп, мәйітін тоңазытқышқа салып қойған». Барлаушы өз жорамалын айтты

Бүгінде баскесер Приғожиннің өлімін әлем талқылау үстінде. Осы ретте Кеңес заманында “үш әріпте” жұмыс істеп, кейіннен Францияға бас сауғалаған Сергей Жирнов Приғожинның қазасына қатысты қызықты мәліметпен бөлісті.

Экс-шпион Евгений Приғожиннің Мәскеуге қарсы жорығынан кейін көп уақыт өтпей өлтірілгенін алға тартып отыр.

– Путиннің баскесерлері шілде айының аяғында Приғожиннің көзін жойғаны болуы мүмкін. Дәл сол уақытта оның оң қолы саналатын Уткиннің де бірге өлтірілгені анық. Путиннің жандайшаптары Вагнердің жетекшілерін шілдеде өлтіріп, олардың мәйітін тоңазтқышқа салып, сақтап қойған сияқты. Ұшақтың құлауы инсценировка.

Ал «Африкадамыз.  Ауа температурасы +50 градус» деп басталатын Приғожиннің видосы монтаждалған дүние. Өйткені бас айналдырар ыстықтан қалың киінген Приғожиннің шекесінің жіпсіп терлемеуі күдік туғызады, – дейді экс-шпион  Сергей Жирнов.

Сонымен қатар “үш әріптің” бұрынғы қызметкері Ресей биілігі шілде айында Приғожиннің өліміне қатысты ақпараттың тарамағанын былай түсіндіреді.

– Приғожин билікке қарсы бүлікті бастаған сәтте оның баскесерлерінің қолында танктер мен түрлі зымырандар болады. Егер сол кезде оның өлгенін жарияласа, Ресейде алапат соғыс болар еді. Сол себепті Кремль “Уагнердің” баскесерлерін қарусыздандырғанша Приғожиннің өлімі жайында тіс жарған жоқ, – дейді.

Айтпақшы, Приғожин бүлігі Қазақстандағы орыстарға ой салған. Толығырақ: https://t.me/dalainside/1378

Тағы оқыңыз:

“Біздің аудитория орыстілді…”. Kolesa Group тіл туралы талап қойған азаматты блоктап тастады

Air Astana президентінің жылдық сыйақысы 394 млн теңгені құрады

Алматыда «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтеді