Back

«5 адам қаза болды». Қызылордада жол көлік апаты орын алды

Қызылорда облысында Газель мен Nexia автокөлігі соқтығысып, бес адам қаза болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

23 тамыз күні сағат 16.00 шамасында Шиелі ауданындағы Алмалы ауылы маңындағы күре жолда жол көлік апаты орын алды. Апат салдарынан 5 адам қаза болып, 3 адам дене жарақатын алғаны мәлім болды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.