МАМАН ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛАДЫ

Dalanews 12 ақп. 2015 08:28 160

12 ақпан күні Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan жобасының жетістіктері мен мүмкіндіктері» атты пресс-конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар «Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы», «Колледжер қауымдастығы», Қазақстан машина жасаушыларының одағы және «Кәсіпқор» холдингі.

WorldSkills International халықаралық ассоциациясы мен қозғалысының мақсаты – техникалық мамандарды тарату, дүниежүзі бойынша кәсіби даярлық, біліктілік стандарттары мен мәртебесін арттыру. Бүгінгі таңда ассоциация құрамына жер шары тұрғындарының 80%-ы және 72 мемлекет кіреді, Қазақстан WorldSkills қозғалысына 2014 жылы қабылданды.

WorldSkills Kazakhstan мамандықтардың ұлттық чемпионатында жеңіске жеткен жеңімпаздар 2015 жылдың 11-16 тамыз аралығында Бразилияның Сан-Паоло қаласында өтетін мамандықтардың ұлттық чемпионатына қатысатын болады. Қазақстан Республикасының құрамын құру және даярлау үшін жалпы техникалық мамандықтар бойынша 18-22 жас аралығындағы қатысушыларды аймақтық және ұлттық іріктеу өткізу жоспарлануда. Аймақтық іріктеу ақпан айында, ал ұлттық чемпионат финалы 2015 жылдың сәуір айында өткізіледі.

«Конференция барысында бұл чемпионатқа қандай мамандықтар қатысатыны кеңірек түсіндіріліп, оның мақсат-мүддесі талқыға түсті. Мұндағы ең негізгі идея маман иелерін әспеттеп, адамдарды кәсіп игеруге үндеу болып отыр. Қозғалыс арқылы еліміздің жас мамандарын ынталандырып, әлемдік чемпионатта бақ сынауына мүмкіндік туғызбақпыз. Бұл тек ел қыдыру, жер көру емес, тәжірибе алмасу, өзінің біліктілігін шыңдау», – дейді ұйымдастырушылар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x