Ресей иіле ме?

Dalanews 12 ақп. 2015 03:19 342

Минскіде Украина президенті Петр Порошенко, Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд кездесу өткізді. Украинаның Шығысындағы қақтығысты тоқтату, өзара келісімге келу туралы өткен кездесу 14 сағатқа созылды.

«Азаттық» сайтының мәліметіне сүйенсек, төрт ел басшыларының өзара келісімге қол қоятыны белгілі болды. Алайда нақты қандай келісім болғаны әзірге белгісіз. Украина Президенті Петр Порошенко үзіліс кезінде журналистерге Ресейдің ұстанымы «көңіліне қонбайтынын» жеткізіпті.

Бұл келісімнің Украина дағдарысын шешуге қалай әсер етері белгісіз. Екі тарап бұған дейін де бірнеше мәрте жолығып, өзара сұхбат жүргізген болатын. Бірақ Украинадағы сепаратистер қол қойылған келісімдерге қарамастан, атыс-шабысты жалғастырғаны талай мәрте айтылды. Бұл жолы Меркель мен Олланд екі жақты ортақ мәмілеге келтіруге күш салғанын украин Президенті атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x