Ғалым Боқаш. АҚШ Ресейге мүсіркей қарайды

Dalanews 11 ақп. 2015 22:19 235

Қызық, Еуропа мен ТМД елдері үшін ерекше маңызды тақырыпқа айналған Минскідегі Украина дағдарысы туралы келіссөз (айтпақшы, түн ортасы ауса да, әлі жүріп жатыр) АҚШ-тың басты газеттерінің бір де біреуінің вебсайтында толымды мақала болуға жарамапты. Бас парақшаларында мүлдем көрінбейді (Прага уақытымен түн ортасындағы шолуыма сәйкес). Кішкентай ғана хабарламаларды "әлем" деген рубрикалардан әрең тауып алдым.

 
Экономикалық қуатын тек мынадан біле беріңіз - 2015 жылғы бюджетінен 3 миллиард доллар қаржыны тек табиғи қорықтарын дамытуға бөлді (әлеуметтік-экономикалық салаларды айтпай-ақ қояйын). Ал Ресей өз қорықтары мен ормандарын қорғауға бөлген бір жылдық бюджет қаржысы 10 миллион долларға жетпейді. АҚШ-тың бір жылдық әскери бюджеті - 640 миллиард доллар, Ресей әскерінікі - 88 миллиард. Орташа айлық жалақы АҚШ-та 4000 долларға таяу, Ресейде - 1200 доллар.

ПУТИНАҚШ - Super Bowl мен Open Season сияқты сырт адам түсіне бермейтін өз қызығы өзінде жатқан жеке бір планета десе болады. Әлемнің ең жан-жақты өндірушісі, ең бақуатты экономикасы һәм ең ірі тұтынушы рыногы. Ірі денелі, етжеңді адам өз бойынан аласалау төмендегі жұртты тәкаппар болғандықтан ғана емес, қарны көлегейлеп те көрмей қалады ғой. АҚШ-тың басқа әлемді "байқамай қалу" себептерінің бірі кейде осыған ұқсайды...

Бұл елдің тұрғындары шетке де кейін шыға бастады. Әйтпесе елдің өзі жеке материк сияқты ғой. Қаншама уақыт пен климат зоналарына бөлінген. Сол себепті ішкі туризм қатты дамыған. Америкалық болсаңыз, дәл бүгін елдің бір бұрышына барып мұхитқа шомылып, күнге күйіп қайта аласыз, я басқа бір шетіне барып тау басында шаңғы тепсеңіз болады, орман аралаймын десеңіз де, шөл даланы кезем десеңіз де, бәрі табылады. Биыл АҚШ өзін "әлем бойынша рецессиядан ең жақсы жағдаймен шыққан елміз" деп мәлімдеді. Экономикалық қуатын тек мынадан біле беріңіз - 2015 жылғы бюджетінен 3 миллиард доллар қаржыны тек табиғи қорықтарын дамытуға бөлді (әлеуметтік-экономикалық салаларды айтпай-ақ қояйын). Ал Ресей өз қорықтары мен ормандарын қорғауға бөлген бір жылдық бюджет қаржысы 10 миллион долларға жетпейді. АҚШ-тың бір жылдық әскери бюджеті - 640 миллиард доллар, Ресей әскерінікі - 88 миллиард. Орташа айлық жалақы АҚШ-та 4000 долларға таяу, Ресейде - 1200 доллар.

Халқының тең жартысы әлі көмір жағып, огородының артындағы ағаш дәретханаға барып, саз балшық қара жолмен жүретін Ресейдің саяси жетекшілігі былтырдан бері ескі әскери техникасын салдырлатып, көршілерін түртпектеп, күшене бастады. "Қырғи-қабақ соғыс" кезеңіндегі америкалық қоғам мұндай әрекетке әжептәуір алаңдай қалар еді. Бірақ бүгінгі АҚШ аянышпен мүсіркей қарайды, я тіпті өзінің ішкі шаруаларын шешіп жатып жоғарыда айтқанымдай байқамай да қалады. Сол себепті шығар Washington Post-тың бүгінгі нөмірі үшін Минск келіссөзінен гөрі 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына қатысуы мүмкін Висконсин губернаторының не себепті университеттің соңғы курсында оқудан шығып қалғаны әлдеқайда маңыздырақ көрініпті (бас мақала сол туралы екен). Ал New York Times Барак Обаманың Конгрестен Таяу Шығыста әскери күш қолдану рұқсатын сұрау себептерін талдапты. Ал мына тарапта кейбір ресейлік телеарналар "жеңімпаз орыс армиясының" 21-ғасырдағы Батысқа (әуелі тұтас Еуропаға, сосын тіпті мұхит асып АҚШ-қа жететін) жорығы қалай болатынын қызылкеңірдектеніп, түкіріктеріне шашалып суреттеп әуре. Ең бір күлкілі жайт - қазіргі АҚШ үшін Кремльдің бұл аш қарынға күшенген риторикасының Хрущевтің бәтеңкесі құрлы салмағы жоқ қой...

Facbook-тегі парақшасынан алынды

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x