Back

Қазақстан мен Түркия бірлесіп, әскери кеме құрастыруға уағдаласты

Орал қаласындағы «Зенит» кеме жасау зауыты мен Түркияның әскери кеме жасау кәсіпорыны (ASFAT) бірлесіп, түрлі мақсаттағы су көлігін жасауға уағдаласты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Келісімге сай тараптар алдағы уақытта теңіз тасымалына қажетті құрылғылар, коммерциялық және әскери кемелер құрастыратын олады.

Осы ретте құрастырылатын әскери кемелер Қазақстанның әскери флотын жасақтауға бағытталатынын айта кетуіміз керек.

Маңызды келсімге тараптар таяуда өткен IDEF-2023 Халықаралық қорғаныс өндірісі көрмесінде қол қойған.