"Адам емессіз! Несие төлемей қалай ұйықтайсыз" (видео)

Dalanews 11 ақп. 2015 04:43 279

"Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі "За тебя Баке" тобы жариялаған видеода банк қызметкерінің телефон арқылы несие төлеушімен қалай сөйлескені көрсетілген.

Дереккөз: Nur.kz

Телефон арқылы несиесін төлемеген клиентті айқайдың астына алған қызметкер "Адам емессіз! 2-3 ай бойы кредит төлемей қалай ұйықтайсыз? Алдымен қызыңызды тәрбиелеп алыңыз!", - деп дауыс көтерген.

Әдетте несие алушы клиенттермен мәдениетті әрі сыпайы сөйлесетін банк қызметкерлерінің бұл әрекеті әртүрлі пікір тудыруда.

Топта пікір қалдырған қолданушылардың бір бөлігі қарызын өтей алмаған адамды кінәлап, қызметкер өз жұмысын атқарып отыр десе, екінші топ несие беруші банкті, дөрекі сөйлеген қызметкерді кінәлаған.

Видеоды атауы аталған банк өкілдері NUR.KZ интернет-порталының редакциясына хабарласып, бұл оқиғаның өздері қызмет етіп жүрген банкке қатысы жоқ және алдағы күндері бұл видеоға қатысты баспасөз мәслихатын өткізетіндерін жеткізді. Банк өкілі видеодағы бойжеткеннің өздерімен бірге жұмыс істейтін коллекторлық 10 компанияның бірінің қызметкері болуы мүмкін дегенді алға тартады.


https://www.youtube.com/watch?v=9WlazMM4Tmk

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x