Cоңғы жаңалықтар
Back

Елімізде өндірілген құрылыс туарларының үлесі 67%-ға артты

Құрылыс материалдары экспортының көлемі 44%-ға артып, 100,1 млн долларға жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сүйеніп.

Биылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның құрылыс материалдары нарығында айтарлықтай өзгеріс байқалады.

Нарықтағы қаражат айналымы 606,6 млрд теңгеге жетіп, отандық тауар өндірушілердің үлесі 67%-ға дейін ұлғайған. Бұл 2022 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 5%-ға көп. Осы ретте импорттық өнімнің үлесі 33%-ға дейін азайғанын айта кетейік.

Құрылысқа арналған өнім өндірісінің артуы отқа төзімді бұйымдар (+6,4%-дан 112 мың тоннаға дейін), керамикалық (отқа төзімсіз) кірпіштер (+37,6%-дан 816 мың текше метрге дейін), силикат және қож кірпіштері (+3,8%-дан 454 мың тоннаға дейін), құрылыс ерітінділері (+8,7%-дан 718%-ға дейін) сынды тауарлар мен табақ шыны (7,1 млрд теңге), цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған плиткалар, кірпіштер және ұқсас бұйымдардың (+6,5%-дан 2,2 млн тоннаға дейін) өсіміне байланысты тіркелді.

Сондай-ақ, өндіріс қарқынына құрылыс жұмыстарының ұлғаюы әсер етті. Айталық, қаңтар-мамыр айларында оның көрсеткіші 12,1%-ға жеткен.

Бұл бірінші кезекте ғимараттар (+17,9%) мен құрылыс нысандарын (+14,7%) салу мен жөндеуге байланысты. Құрылыс-монтаж жұмыстарының ақшалай көлемдегі мәні 1 312,9 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,4%-ға өсті (5 470,3 мың шаршы метр).

Айта кету керек, ОТӨ-дің серпінді жұмысы құрылыс материалдары саласындағы жалпы өндіріс көлемінің 16%-ға өсуіне әсер етіп, қаражат мөлшері 451,5 млрд теңгеге жетті. Сонымен бірге қазақстандық үлестің айтарлықтай нығаюы экспорт көлемінің 44%-ға артуына жағымды әсер еткенін атап өткен жөн.

Өзбекстанға (6 108,5 тоннаға дейін) және Тәжікстанға (2 396,7 тоннаға дейін) табақ шыны (8,5 мың тоннаға дейін), құбырлар, түтіктер мен құбыршектер (шланг), сондай-ақ отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері (13 тоннаға дейін мың тонна) тасымалданған.