Back

Әуежай ісі – соңғы сөз айтылмады, шағым түсіруге мүмкіндік бар – журналист

Журналист Алмас Алтай «Әуежай ісіне» қатысты өзінің бұған дейінде айтқан еді. Енді ол кейбіреулердің Президенттің сот үкіміне ықпал етуі талап етуі орынсыз екенін айта келе, алда өзге сот сатыларына тараптардың шағымдануына болатынын айтыпты.

Халық пен Билік арасы әбден ашылып, енді ешқашан қосылмасқа кеткен секілді… Бұл – ымырасыздықтың соңы ырғасу, ырылдасуға апарады.

Алматыдағы “әуежай ісі” бойынша шыққан сот үкіміне Халық наразы болды.  Әлеуметтік желі шулады, билікті қарғап, жұрт Президенттен араша сұрауда.

Әлеуметтік желі өзіміздікі;

Билікті қарғаудың басы емес қой, соңы да болмас, сірә.

Ал, Президенттен “соттың үкіміне әсер ет, шешімді жұмсарт” дегенді қай есікке сыйдырамыз.

Сот билігінің тәуелсіз, ашық, әділ, тек заң шеңберінде шешім шығарғанын қалаймыз. Жан-тәнімізбен беріліп тұрып соны талап етеміз!!!

Біраааақ, бірақ… Кейде өзімізге ұнамайтын шешім шықса, оны Президентке айтып өзгертіп алғымыз келеді.

Яғни, Президент сотқа әсер етіп, “заңды сәл бұрмалап, халыққа ұнайтын шешім шығарып бер” деп талап етуіміз қалай?

Соттың пікіріне биліктің әсер еткенін жек көреміз. Ал, Халықтың сот билігіне араласуы, үкімді өзгертуге тырысуы әділет сияқты көрінеді.

Меніңше, сот ешкімді де тыңдамауы керек, оның сүйенері – заң ғана болуы керек.

Жоғары сот деген бар, Конституциялық сот деген бар, соларға ресми түрде арыз, шағым, келіспеушілік, наразылық акцияларымызды өркенитетті түрде білдіруіміз керек.

Қазақ ішінде заңды шемішкіше шағатын, бұндай процедуралардың қалай жүзеге асатынын білетін жігіттер, қыздар бар ғой, солар елдің алдына шығып, осы жұмыстарды жүйелеп жүзеге асыруы керек.

Рас. Кешегі шешім қатал, жаза ауыр, мен бірден айттым бұл пікірімді.  Қазір де “жаза жеңілдесе екен” деп отырмын. Алда әлі соттың келесі деңгейлері бар. Үкімді оқыған сот та “он бес күн ішінде арыздануға мүмкіндіктеріңіз бар” деп ойын айтты. Демек, соңғы сөз айтылды деуге ерте.

“Үмітсіз шайтан” дегендей, сол келесі деңгейдегі соттан соң мынау шыққан үкім жеңілдеп, тілектес көптің қалауы орындалғай деп тілейік.