Cоңғы жаңалықтар
Back

Министр журналистерді төл мерекесімен құттықтады

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбуктағы парақшасында БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «NUR Media» холдингіне қарасты газеттердің редакциясына барып, журналитерді төл мерекесімен құттықтағанын жазды.

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «NUR Media» холдингіне қарасты ақпарат құралдарында жұмыс істейтін әріптестерімізбен кездесіп, медиа саласына қатысты бірқатар мәселелерді талқыладық.

Мемлекет басшысы таяуда киелі Түркістан төрінде өткен Ұлттық құрылтайда ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту мәселесін ерекше атап өткені белгілі.

Осы орайда, әріптестеріміз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды, елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін масс-медиа саласының бағыт-бағдары туралы ой-пікір алмастық.

“Айқын”, “Литер”, “Түркістан” газеттерінің редакциясын аралап көріп, әріптестермен жақынырақ тілдесудің де сәті түсті. Жалпы холдинге қарасты баспасөз құралдары ақпарат саласының алғы шебінде қашанда жемісті еңбек етіп келеді. Тәуелсіздігімізбен тел өскен,

биыл 30 жылдығын тойлап отырған «Astana» телеарнасы да – еліміздегі басты қоғамдық-саяси оқиғалар мен шаралардан өзекті хабарлар әзірлеп, көрерменге шынайы әрі жедел ақпарат тарататын жетекші арналарымыздың бірі. Сондықтан мылтықсыз майданның майталмандарына жауапты жұмыстарына сәттілік тіледік.