“500 млн теңге шығын келді”. Көлікті заңсыз рәсімдеген топ ұсталды
ҚР Ішкі істер министрлігі автокөліктерді жалған құжатпен тіркеген қылмыстық топтың құрықтағандарын жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Заңды белден басқандардың мемлекетке келтірген шығыны 500 миллион теңгені құраған.
Олар жалған төлем түбіртектерін жасап, көліктің шанағындағы номірді ауыстырып, көлікті заңсыз рәсімдегені беллігілі болады.
Ал Алматыда кәрістің көліктерін тіркеп жүрген тағы бір топ ұсталған. Олардың мемлекетке келтірген шығын көлемі 300 миллион теңгеден асады.
Бұл іске ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті мен Азаматтарға арналған үкімет мекемесінің қаншалықты қатысы барлығы басы ашық күйінде қалып отыр. Өйткені олардың қатысуынсыз көлікті рәсімдеу мүмкін емес.
Тағы оқыңыз:
Қарин Жүсіпбек Аймауытұлының еш жерде жарияланбаған шығармасы қалай табылғанын айтты
Шетелдік азаматты шендімен кездестіру үшін 200 мың доллар алған