Back

Астана. Қарулы ер адам Каспий банк ғимаратын кіріп, келушілерді сыртқа шығармай жатыр

Астана қаласындағы Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге өзін құлыптап алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы, – деп хабарлайды Dalanews.kz Police.kz арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөздер жүргізуде. Полиция қызметкерлері күдіктімен тілдесіп, оның мұндай қадамға не үшін барғанын білуге тырысып жатыр.

Тәртіп сақшылары елордалықтардан сабыр сақтап, құзырлы органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды.

Тілшілеріміз жағдайды бақылауда ұстайтын болады.

Тағы оқыңыз:

ШҚО-да балалардың қазақ тілін меңгеруі үшін тілдік орта жобасын жүзеге асыруда

Соңғы жылдары ШҚО-да тарихи туризм қарықынды дамыды