«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Dalanews 02 мау. 2023 04:44 143

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдер 18 маусымға дейін қабылданады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Байқауға 2022 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынай алады.

Номинациялар:

  1. Үздік ақпараттық бағдарлама

  2. Үздік әлеуметтік жоба

  3. Үздік журналистік зерттеу

  4. Үздік аналитикалық бағдарлама

  5. Үздік ток-шоу

  6. Үздік ойын-сауық бағдарламасы

  7. Үздік тележурналист

  8. Үздік тележүргізуші

  9. Үздік спорт комментаторы

  10. Үздік аймақтық телеарна

  11. Үздік деректі фильм (Қамал Смайылов атындағы арнайы премия)

  12. Үздік анимациялық фильм (Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия)


«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында еліміздің 1 500 астам кәсіби журналист қатысуға өтінім беріп, 258 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 70 маманы ие болып отыр.

2023 жылдың жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x