Olimpbet Ақтөбенің Орталық стадионын УЕФА талаптарына сай реконструкциялады

Dalanews 31 мам. 2023 08:20 257

30 мамыр күні Ақтөбеде қаланың Орталық стадионының жаңартылған көгалының таныстырылымы өтті. Жабынды ауыстыру жұмыстарын Olimpbet – Қазақстандағы №1 букмекерлік компаниясы қаржыландырғанын айта кетуіміз керек. Жаңа алаң ауа-райына қарамастан сапалы ойын жабынын қамтамасыз етіліп, жыл бойы футбол матчтар өткізуге мүмкіндік береді.

– Бұл қалаға және біздің барлық жанкүйерлеріміз үшін маңызды сыйлық болды. Бұған дейін алаң өз параметрлері бойынша еурокубоктарға қатысуға жарамсыз болып, УЕФА талаптарына сәйкес келмеген-ді. Қазір Оlimpbet компаниясының қаржылай көмегімен жүргізілген қайта жаңартудан кейін Ақтөбе Орталық стадионының көгалы еліміздегі сапасы жағынан ең үздік ойын алағына айналды деп нық сеніммен айта аламын, – деп атап өтті «Ақтөбе» ОФК басқарма төрағасы Ерлан Джамантаев.

Olimpbet пен «Ақтөбе» ФК арасындағы ынтымақтастық ұзақ мерзімді сипатқа ие. Бұған дейін букмекерлік кеңсе мен клуб арасында үш жылдық келісімшартқа қол қойылған болатын.



Осы уақыт аралығында команданың спорттық нәтижелерін жаңа деңгейге көтеру, матчтардың тартымдылығын арттыру, киім-кешек пен кәдесыйлардың бірлескен коллекцияларын шығару жоспарланған.

Қазақстанның жетекші букмекерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздегі ең сүйікті және келешегі зор футбол клубтарының бірімен ынтымақтастық қазақстандық спортты қолдау мен дамытуға бағытталған компанияның маңызды миссиясы болып табылады.

– Ауқымды реконструкция Ақтөбе стадионын УЕФА-ның маңызды стандарттарына сәйкес келетін деңгейге жетті. Бұл – біздің спорттық жетілуге бірлескен серіктестік міндеттемемізді көрсетіп қана қоймай, «Ақтөбе» командасын ұлттық және халықаралық футбол жарыстарын өткізу үшін еліміздегі ең үздік қалалардың бірі ретінде ұсынуға мүмкіндік береді, – деді Olimpbet БК сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Андрей Жарков.

Жаңа ойын алаңында жұмыс істеу үшін әлемдік деңгейдегі сарапшы-агроном Виктор Яроменко тартылған. Ол бұған дейін 2012 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық бөлігінің, Чемпиондар Лигасының және УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңдерінің матчтарына футбол алаңдарын дайындауға қатысқан.

Ақтөбе стадионын қайта құру аренаны жарықтандыру жүйесін жетілдіруді де қамтыды, отыратын орындардың бір бөлігі ауыстырылды, ойын барысында киім ауыстыратын бөлмелер, төрешілер бөлмесі, жуынатын бөлмелер, медициналық кабинет, допинг-бақылау бөлмесі және басқа да үй-жайлар толықтай жөнделген.


Дамыған инфрақұрылым мен ыңғайлылық Ақтөбе қаласының жаңартылған Орталық стадионы ұлттық құрамалар матчтары мен басқа да маңызды футбол оқиғаларын өткізу үшін таптырмайтын орынға айналып отыр.

Жаңа жабындағы жақын арадағы матч 3 маусымда Olimpbet-Футболдан Қазақстан чемпионаты аясында өтеді. «Ақтөбе» ФК өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды.

 

АНЫҚТАМА

Olimpbet – еліміздің спорт индустриясын белсенді қолдайтын және дамытатын Қазақстанның ірі букмекері. Көптеген отандық федерациялар, клубтар мен спортшылар Olimpbet-пен демеушілік келісімшарттарға отырған. Компания ұлттық спорт түрлерін қолдайды және еліміздің өміріндегі көптеген әлеуметтік аспектілеріне қатысады.

«Актобе» ФК – Қазақстанның ең танымал клубтарының бірі. Еліміздің бес дүркін чемпионы. Қазақстан Суперкубогының үш дүркін иегері және Қазақстан Кубогының иегері. Еуропалық турнирлердің бірнеше дүркін қатысушысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x