Түркістан облысында 4 айда 163,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

Dalanews 18 мам. 2023 07:03 211

Жері құнарлы, ауа-райы қолайлы Түркістан облысы – еліміздегі ауыл шаруашылы дамыған алдыңғы қатардағы өңір. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 163,5 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,0%-ға орындалды. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы 21,9 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығында 139,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Республикадағы үлесі 14,1%-ды құрап отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10,1 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 217,9%-ға артса, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 1,1 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 147,5%-ға өсті.

Биыл АӨК саласына жалпы құны 54,1 млрд теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру жоспарланған.

Қазіргі таңда құны 4,9 млрд теңге болатын 16 жоба іске қосылды. Атап айтсақ, 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы, 4 мал бордақылау алаңы, 3 сүт өңдеу цехы, 2,1 гектар аумаққа 2 фермерлік жылыжай салынды.

Сонымен қатар 490 гектар жаңбырлатып суару бойынша 3 жоба, балық өсіру бойынша 3 жоба жүзеге асырылды.


Бұдан бөлек, құны 107,3 млн доллар болатын 271,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі шет елдерге экспорталды.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайған. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 214,4 мың тонна  (34,8 млн доллар),  мал шаруашылығы, 5,0 мың тонна (19,6 млн доллар) болса,  52,0 мың тонна (52,7 млн доллар) қайта өңдеу өнімдері экспортқа жөнелтілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x