АҚШ-тың Patriot кешені Путинді жерге қаратты
Таяуда BILD тілшісі Антония Ямин Германиядағы әскери базаға барып, Украина сарбаздарын АҚШ-тың MIM 104 Patriot кешенін басқаруға үш ай бойы дайындаған орталықтың жұмысымен танысты.
Журналист көліктердің ішіне кіріп, әскерилерге көкейінде жүрген сұрақтарын қойған.
Бундесвердің 21-зениттік-зымырандық тобының әуе подполковнигі Маркус Кениг MIM 104 Patriot кешені Батыс әлемі үшін ерекше сипаттағы қару екенін алға тартты.
Әуе қорғанысын қамтамасыз ететін кешен бір сәтте 50-ге жуық нысанды бақылап, заматта жойып жібере алатын мүмкіндікке ие. Patriot-тың жанында орыстың С-300 әуе қорғаныс кешені жіп есе алмайды.
Үш машинадан тұратын кешен 150 шақырым қашықтықта ұшып келе жатқан нысанды радарында көре алады екен.
Бүгінде Patriot кешені Украинаның әуе қорғанысын қорғап тұр. Сұрапыл қару Путин мақтаған гипердыбысты «Кинжал» зымыранын қағып түсіріп, Ресей әскерін жерге қаратқан болатын. Қазіргі таңда Patriot кешені Украинада сәтті жұмыс істеп тұр.
Тағы оқыңыз:
Орыстың мұнайын қазақ жері арқылы экспорттаудың төрт тиімді тұсы
«Бір допты 232 000 теңгеден алмақ болған». Антикор мемлекет қаржысын жымқырудың алдын алды