АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Dalanews 31 қаң. 2015 03:07 180

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполовтың тапсырмасымен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығының қарсаңында оқу орын ұжымы Медеу ауданының ардагерлер кеңесінің мүшесі Григорий Шамшанковты 93 жасқа толуымен құттықтап қайтты.

[caption id="attachment_8942" align="alignleft" width="219"]Ардагер ардагерді құттықтау сәті[/caption]

 

Ардагерді құттықтауға университет ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Б.Бегаилов, университеттің кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Бекбосынов, әскери кафедрасының бастығы, полковник Б.Дүйсембаев, кафедра ұстаздары полковник Қ.Баимбетов, Т.Жалелов қатысты. Олар Ұлы Отан соғысының ардагері, еліміздегі құқықтық сот саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, университетте жастарды тәрбиелеген полковникті 93 жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, алғыс білдірді. Григорий Петрович өз өмірінің 34 жылын әділдік сот жүйесіне арнаған абзал адам. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін көптеген ордендермен, медальдармен марапатталды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x