Cоңғы жаңалықтар
Back

Түркістандық каратэшілер Мароккодан жүлдемен оралды

Жуырда Морокконың Рабат қаласында каратэ спортынан WKF «Karate-1 Premier league» рейтингтік халықаралық турнирі өткен болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Тартысты додада Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының споршылары ел мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Аталған турнирде түркістандық спортшылар – Әсел Қанай күміс жүлдеге ие болса, Абылай Төлтай қола жүлдені иемденді.

Осы ретте спортшыларды жан-жақты дайындап, шеберліктерін шыңдаған каратэден Түркістан облысының аға бапкері Боран Төлеевтің еңбегі орасан зор екенін айта кетейік.