Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – Тоқаев
1.17k
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Aqorda телеграм арнасына сілтеме жасап.
– Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым.
Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!
Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
“Қайтқан малда қайыр бар!”. Назарбаеваның қонақ үйі мемлекетке 1,3 млрд теңге қайтаратын болды