Cоңғы жаңалықтар
Back

Түркия әскери кемелерді қорғайтын жаңа әуе қорғаныс жүйесін іске қосты

Түрік қорғаныс өнеркәсібінің флагманы – ASELSAN әскери-теңіз күштерінің қажеттіліктері үшін отандық қысқа қашықтықтағы әуе қорғаныс жүйесін әзірлеп шығарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

GÖKDENİZ кемедегі әуе қорғанысы түрік флотының қуатын күшейтетін маңызды қару.

ASELSAN компаниясы MİLGEM-5 жобасы аясындағы әуе қорғаныс жүйесінің қабылдау сынақтарының аяқталғанын айтты.

Жаңа жүйе кемелерді тек зымырандардан ғана емес, тікұшақтардан, ұшақтардан, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан және жер үсті нысандарынан толық қорғайды.

GÖKDENİZ жүйесі өзінің сипаттамалары бойынша шетелдік әріптестерінен асып түседі. Сонымен қатар түрік дизайндары жаңа қаруды MİLGEM-5 фрегатына тамаша орнатқанын айта кетуіміз керек.

ASELSAN бас директоры Халук Гергун GÖKDENİZ әуе қорғаныс жүйесінің Түркияның қару-жарақ импортына тәуелділігін азайтуға елеулі үлес қосатын айтты.

Оның айтуынша, ASELSAN әзірлеген 35 мм Air Burst (ATOM) оқ-дәрілерін де қолданатын жүйе дос елдердің теңіз күштері мен Түркияның одақтастарымен бірге пайдалануға мүмкіндік зор екенін айтты. Демек алдағы уақытта біз де Каспийдегі әскери кемелерге осы жүйені орнатуымызға болады.

Түркиядағы президенттік сайлау – жеңімпаз екінші кезеңде анықталады

Алматыда 65 мыңнан астам бала тегін үйірмемен қамтылады

“Барлық іс айналып келіп Әлияға тіреледі”. Назарбаевтың кіші қызын сот залынан қашан көреміз?