Балқашқа қауіп төніп тұр

Dalanews 31 қаң. 2015 01:57 457

Ерлан САИРОВ, саясаттанушы

Талай тарихи кезеңнің куәсі болған, халқымызға қаншама жыл пана болған, бүгінгі Қазақстан тәжінің гүлі тәріздес Балқаш көлі экологиялық апат алдында тұр.

[caption id="attachment_8909" align="alignleft" width="401"]Ерлан Сайров Саясаттанушы Ерлан Сайров[/caption]

Балқашқа құйылатын судың 80 пайызы Іле өзенінен келеді. Осы Іле өзенінің 70 пайызы көрші Қытай мемлекетінің территориясынан өтеді де, 30 пайызы біздің елге тиесілі. Көлдің су көлемі кейінгі 2 мыңжылдықта теңіз деңгейінен 338-346 метр биіктікте болған. 2012 жылы орташа деңгей 342,8 метрді құрады. Балқаштың өмір сүруіне қауіп тудыратын негізгі фактор – кезінде Аралдың түбіне жеткен жағдай – судың бақылаусыз алынуы. Судың  алапат тұтынушысы саналатын Қытайдың антропогендік әсері Балқашқа кері ықпалын тигізіп отыр.

Қытайдың Шыңжанға хань ұлты өкілдерін көшіру саясатының нәтижесінде Іле өзені алабында тұратын адамдар саны 1 миллионнан асты, жақын арада 3 миллионға жетуі ықтимал. Бұл, өз кезегінде, суарылатын жердің көлемін күрт өсіруді талап етеді, яғни, жаңа бөгеттер мен тоғандар салынады деген сөз.

Бұл мәселені шешудің бір жолы – тамшылатып суару әдісіне көшіп, көлге құятын үлкенді- кішілі өзендердің арнасын Балқашқа бұру. Бірақ бұл тәсіл мәселені толығымен шешуге мүкіндік бермейді. Ең негізгісі – Іленің су ресурстарын елімізге толыққанды жеткізу.

Балқаштағы су көлемінің 4-5 метрге азаюы (теңіз деңгейінен 337 м төмен) көлдің батыс және шығыс бөлігін қосып тұрған Ұзынарал бұғазының суалып қалуына әкеледі. Ал бірте-бірте Балқаш көлі жойылуы мүмкін деген сөз! Біздің шенеуіктер осыны біле ме?! Менің таң қалатыным: біздің шенеуніктердің басым көпшілігі демалыс күндерін Алматыда өткізеді де, дүйсенбіде Астанаға қайтып келеді. Әрине, Алматыға олар ұшақпен барады. Көптеген жағдайда ұшақ дәл осы Ұзынарал бұғазының үстінен ұшады. Жоғарыдан бұғаздың күннен-күнге кішірейіп бара жатқаны көрініп тұр! Көл қазірдің өзінде екіге бөлініп қалды десе де болады!

скачанные файлыБалқаштың  құрғап қалуы еліміздің бүкіл оңтүстік-шығысын экологиялық апатқа ұшыратуы ықтимал. Топырақтың тұздануы, оазистердің құрғауы, Алатаудың мұздықтарының жойылуы – Балқаштың құрғауына алып келеді. Қаншама әлеуметтік аурулар пайда болады, мал қырылады, ол өз алдына! Келе жатқан наубәт жөнінде жапондықтар айғай салып жатыр, біздікілер, су ұрттап алғандай, ауыздарын ашпайды!

Бізде экология мәселесі мүлде жоқтай, экология министрлігі де жоқ екен! Елімізде бұл салада ешқандай мәселе жоқ болса, бір сәрі! Экология мәселелері Энергетика министрлігінің құзырына берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьникке мына сұрақтарды жолдаған жөн деп таптым!

  1. Еліміздегі экологиялық мәселелерді зерттеп, сараптама жасап, оңтайлы шешудің тетіктерін қарастыратын орталық қажет;

  2. Балқаш мәселесін мемлекеттік деңгейде көтеретін уақыт жетті. Ертең кеш болып қалуы ықтимал;

  3. Балқаш көлінің мәселесін шешуге бағытталған Өкіметтік комиссия құру – кезек күттірмейтін мәселе;

  4. БҰҰ мінберінен Қытайдан келетін трансшекаралық су ресурстарын тұтынуда Қазақстан мүдделерінің ескерілмей отырғанын ашық мәлімдейтін уақыт жетті!


 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x