Биыл ШҚО-да 242 шақырым жол жөнделеді

Dalanews 28 сәу. 2023 14:56 310

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 242 шақырым жол жөнделмекші. Бұл мақсатқа 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Соынмен қатар облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаев биылғы жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысына қосымша қаржы бөлінетінін де жеткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі таңда көпірдің жеті мұнарасының төртеуі салынып жатыр. Көпір өткеліне апаратын жолдың құрылыс жұмыстары аяқталған.

Ал ШҚО елді мекендеріндені жолды күтіп ұстауға 4,2 млрд теңге бөлінді. Алдағы 10 шілдеге дейін елді мекендердің барлық көшелеріне жамау жұмыстары аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, Тарханка және Черемшанка арқылы өтетін «Өскемен-Риддер» жолының құрылысы жобасына сараптама жүргізілуде. Басымдық – жол жұмыстарының сапасы тұрақты бақылауда.


Ал Алтай мен Риддер қалаларында Өскеменде өзін жақсы жағынан көрсеткен «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылмақшы. Көшеге орнатылған бейнебақылау жүйесінің арқасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың санын айтарлықтай азайып, қылмысты ашу көрсеткіші арта түскенін айта кетуіміз керек.

Сол себепті алдағы уақытты, Алтайда – 154, Риддерде – 249 бейнебақылау камералары көше қиылыстары мен қоғамдық орындарға орнатылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x