ШҚО Жеңіс күнін тойлауда

Dalanews 09 мам. 2023 13:24 261

Бүгінде ТМД-ның көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстанның жер-жерінде де Жеңіс күні тойлануда. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында негізгі шаралар әкімшілік орталықта өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өскемен қаласындағ Даңқ мемориалында жалыпы халықтың мереке өтті. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, Отан қорғап, мерт болған ардагерлерді еске алды.

– Сіздерді Ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні біз майдан мен тылда иық тірестіріп еңбек еткен ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін алғыс айтамыз. Ардагерлердің ерлігі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақаталады. Ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің арқасында бүгінде бейбіт аспан астында өмір сүріп, қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырған жайымы бар, – деді А.Сматлаев.

Әкімнің бірінші орынбасары соғыс жылдары ШҚО-дан 180 мыңнан астам майданға шақырылып, солардың 83 мыңының ұрыс даласынан оралмағанын атап өтті. 109 шығысқазақстандық Кеңес Одағының батыры атанса, 24-і Даңқ орденінің толық кавалері атанған. 9 мың шығысқазақстандық «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


– Біздің борышымыз – батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтап, олардың рухын қастерлеу болып табылады. Елдің ұлы тарихына, өткенімізге, бүгінімізге және болашағымызға қатыстылығын сезіну. Ұлы да әсем Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұрпақтары арасындағы байланыс бұрынғыдай үзілмесін. Жерімізде бейбітшілік пен келісім болсын! – деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, кешкі уақытта облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 18.00-де мерекелік концерт, 21.00-де «Шам жағу» акциясы, 22.00-де дәстүрлі отшашу болады.

Шара барысында Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, еңбек ардагері Ленста Әубәкірова барша облыс тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтап, баршаға зор денсаулық, бақыт пен бақ-береке тіледі.

«Ерлігі үшін, бейбітшілікті сақтау, болашағымыз үшін ардагерлерімізге тағзым. Сіздерге шын жүректен алғыс айтып, зор денсаулық тілеймін!» деді Өскемен қаласының тұрғыны Бақыт Хабибуллина.

Айта кету керек, бүгін Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінде гүл шоқтары мен гүл қою рәсімдері өтіп, мерекелік концерттер, акциялар мен челлендждер өтті.

https://dalanews.kz/news/89066-biyl-shqo-da-242-shaqyrym-zhol-zhondeledi

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x