Түлкібаста 64 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Dalanews 25 сәу. 2023 07:05 240

«Көктемнің бір күні – жылға азық», демекші, түлкібастық шаруалар ерте көктемнен бастап көктемгі егістік жұмыстарына белсене кірісіп, бүгінгі таңда 64485 гектар алқапқа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызып үлгерген.

Биыл түлкібастық шаруалар  жаздық бидайды – 2525 га, арпаны – 8795 га, ноқатты – 200 га, жүгеріні – 350 га, тарыны –145 га, мақсарыны –10 499 га, жоңышқаны – 29 242 га, картопты – 1200 га және көкөністерді –1500 га-ға екті. Сонымен қатар 10 029 гектарға күздік бидай егілген.

Аудан көлемінде барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1532 ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 706 трактор, 138 комбайн, 417 тіркеме және басқа да қосымша техникалар бар.

Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармайға ниет білдіруші шаруаларға жеңілдетілген бағада дизель отынын босатуға 2 оператор бекітіліп, ауданға 2990 тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді. Олар – ЖК «Узенбаев P.К» және «Санали груп» ЖШС операторлары. Шаруаларға 2 оператор арқылы жеңілдетілген жанар-жағармайдың 1 литрінің бағасы Шымкент қаласынан жеткізілуімен 204,0 теңгені құрады. Аудан көлемінде бүгінгі күнге дейін 2210 тонна ЖЖМ алынды. Қазіргі таңда мамыр айына бөлінген жанар-жағармайды толық шаруаларға босату жұмыстары жүргізілуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x