Cоңғы жаңалықтар
Back

«Солтүстік Қазақстан қазақтардың атақонысы». Орыс журналисі шовинисті орнына қойды

Ресейлік журналист, қоғам белсендісі Максим Шевченко өзіне тікелей эфирде Қазақстанның солтүстік жерлері туралы сұрақ қойған вдамды тыйып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тікелей эфирде бір тыңдарман «Солтүстік Қазақстан – Ресей жері» деп қоңырсытып әңгіме айтқан сәтте Шевченко оның пікіріне үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, тыйып тастады.

— Солтүстік Қазақстан – Ресей жері емес. Олай болса Шешенстан да орыс жері болуы керек шығар? Столыпин кезінде орыстар қоныстанып, кейін тың игеру кезінде отарланған жер ғой.

Әңгіменің ашығын айтсақ, Солтүстік Қазақстан орта жүздің жері, көшпелі қазақтардың ежелден келе жатқан атақонысы.

Солтүстік Қазақстан – ұлы даланың кіндігі, Гумилев сипаттағандай ғұн империясы кезінде өмір сүрген көне түркі мемлекеттері болған, – деді журналист. Ол «ол кезде тіпті Ресей мен славяндар да болмаған» деп қосты.

Алғашқы орыс империялық отарлаушылары ол жерге тек 18 ғасырда келді. Сіз жиіркенішті нонсенс әңгіме айтып отырсыз, – деп Шевченко тыңдармады орнына қойды.

Тағы оқыңыз:

Билайнның жаңа қожайы… Елдегі Ресей арналарына тықыр таяды

Home Card Lite иелері осы жылдың алғашқы 3 айында 556 миллион кэшбэк бонусын алды

Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға жалақысы 280 ден 140 мың теңгеге дейінгі бос жұмыс орындары ұсынылды