Ара мен гүлдің мұңы

Dalanews 28 нау. 2023 06:31 219

– Гүл сен өте сұлусың, соның үшін сені өте жақсы көреміз, – дейді Ара Гүлге. Сонда Гүл Араға:

– Әрине, мені жақсы көргенің жанымды жадыратады. Бірақ бойымдағы бар нәрімді сорып алатының жаман, – депті Гүл Араға өкпелеп.

– Айналаның хош іс пен сұлулыққа бөлеген Гүлім, сенің тәтті шырының бізге азық болып тұр ғой. Біз сенің шырыныңды ғана алып қоймаймыз, сонымен қатар сендерді көктемде тозандандырып, жер әлемге таралуларың да көмектесетінімізді де ұмытпа, – дейді Ара.

– Иә, Аражан сенің арқаңда жан-аққа таралып жатқанымызды білеміз. Ол үшін саған алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Шындығында біздің уайымымыз басқа. Адамдар бізді бір-біріне қуаныш сыйлау үшін жұлып алып, сыйға тартады. Біздер екі-үш күн Адамдарға қуаныш сыйлап, төрінде тұрамыз. Ал бойымыздан әл кетіп солып қалғаннан кейін лақытырып тастайды. Кейде ғұмырымыздың осылай келте болғанына қатты күйінемін, – деп Гүл тағы да Араға мұңайа қарайды.

– Уаймыңды бір кісідей түсінемін. Өйткені біз де Адамдардан біршама зәбір көріп жүрміз. Біздер күні бойы бір тынбай, гүлден-гүлге қонып шырын жинаймыз. Сол жинаған шырынымыз адамдар бір күнде келіп, жартысын алып кетеді. Олардың осы әрекеті бізге де ұнамайды, – деп Ара да Гүлге мұңын шағады. Сонда Гүл:

– Қайтеміз енді... Жаратушы бізді Адамдар үшін керек қылып жаратты. Ана Тікенек секілді болсақ, ешкімге керек болмай әр жерде шашылып жатар едік, – дейді Гүл сұлу терең күрсініп.

– Рас айтасың, бұл жаратылыстың заңы ғой. Сондықтан оған қарсы шыққанымыз жарамас, – деп Ара басқа Гүлдің шырынын жинау үшін ұша жөнеледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x