Мәсімов 18 жылға сотталды

Dalanews 24 сәу. 2023 12:58 311

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарлары А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкімін жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс сотта «аса құпия» белгісімен қаралды.

Сот Кәріма Мәсімова ҚР Қылмыстық кодексі бойында мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану деген айыптар бойынша 18 жылға жаза кесті.

Сонымен 18 жылды арқалаған Кәрім Мәсімовтің дүние-мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу құқынан айырылғанын айта кетуіміз керек!


Астана қалалық сотының ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, К.Мәсімов пен А.Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, Д.Ерғожинге билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, М.Осиповке билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылған.

Еске салайық, ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке Қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған болатын.

Бас прокурор Берік Асылов атап өткендей, тәртіпсіздіктер кезінде Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен.

Тергеу «аса құпия» белгісімен жүргізілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x