Инвестициялық идеяны қалай дұрыс таңдауға болады?

Dalanews 24 сәу. 2023 07:39 370

2023 жылғы наурызда қазақстандық қор нарығы үшін маңызды оқиға болды елімізде бөлшек инвесторлардың саны ресми түрде миллиондық межеге жетті. Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің деректеріне қарағанда, 2023 жылдың 1 сәуіріне қарай тұрақты ұстау жүйесінде 1 188 000-нан астам  брокерлік шот тіркелді.

Жалпы алғанда қазақстандықтардың инвестициялауға деген ықыласының өсуі байқалады. Әрі олар үшін ең басты мәселенің бірі компанияны таңдау және өз салымдарынан табыс алу болып табылады. Сол немесе өзге таңдау оң нәтиже беруі үшін қаржы ұйымдарының сарапшыларына жүгінген жөн. Мәселен, Freedom Finance Global талдаушыларының 2020 жылдан 2023 жылдың  1 тоқсаны аралығындағы идеялардың табыстылығы бойынша деректер негізіндегі статистикасы олардың 60%-ға дерлігінің сәтті екенін көрсетеді. Осы кезең ішінде барлығы 554 идея ұсынылды, алжылдық көрсеткіштегі олардыңорташа табыстылығы 25%-ды құрады.

Инвестициялау үшін идея таңдаған кезде не нәрсені бағдарға алу қажет? Нақты кейстермен бірге негізгі сәттерді қарастырамыз.

Әлемдік оқиғалардың жоғары дәрежелі маңызы бар

Қор нарығы күрделі жүйені білдіреді, оған әлемдік оқиғалар ықпал етеді. Елдердегі экономикалық өсім немесе құлдырау, халықаралық қатынастар, саяси өзгерістер мен басқа да сыртқы факторлар акциялардың бағаларына және қор нарығының жалпы өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Барлық акциялардың табыстылығы мен атаулы құны нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне қарай ауытқып отырады. 2020 жылғы 19 ақпанда COVID-19-дыңтаралуы акциялар бағаларының еркін құлдырауын туғызғанға дейін қор нарығының өрлеу шыңы тіркелді.

Індеттің қор нарығына ықпал ету факторларының бірі акциялар бағаларының күрт ауытқулары болды. Барлық күш-жігерге қарамастан, нарық үрдістерін алдын ала болжау қиын болды. Іргелі  трендтер бір компанияларды рекордтық жылдамдықпен алға ілгерілетіп үдеп отырса, ал басқалар үшін ақырының басталуы болды. Технологиялық және фармацевтикалық компаниялар тамаша өсімді көрсетті.

Осылайша, 2020 жылғы шілдеде инвесторлар Freedom Finance Global талдаушыларының ұсынымдары негізінде небәрі бір аптаның ішінде желілік платформалар мен бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі  Ciena Corporation (CIEN) қағаздарының арқасында 13,5% табыс ала алды.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның әзірлеушісі Moderna Inc.-тің (MRNA) акцияларын сатып алу туралы инвестициялық идея 2020 жылғы сәуір айының ортасындағы ену нүктесінен небәрі бір айдың ішінде 80%  таңғаларлық өсім көрсетті. 2021 жылдың басында брокердің талдаушылары ақуыз негізіндегі вакциналарды өндіруші Novavax-тың (NVAX) құны $131 бағалы қағаздарын сатып алуды ұсынды.


Екі ай өткен соң олар $180 сатылғаннан кейін инвесторлар 37,4% пайда таба алды. Бүгінде коронавирус індеті басылғаннан кейін фармацевтикалық компанияның акциялары $9 шегінде сатылуда.

Мегатрендтер келешекті айқындайды

Мегатрендтер – бұлұзақ мерзімді сипат алатын және айналадағы дүние үшін қайтымсыз салдарлары бар құрылымдық өзгерістер. Олар әлемдік экономиканы, бизнесті, қоғамды және біздің өмір сүру салтымызды өзгертеді. Мегатрендтер туралы хабардарлықнарық туралы шынайы түсінік беріп, инвесторлар іздейтін пайданың өсу мүмкіндіктеріне әсер етеді. Оған қоса, көптеген жария компаниялардың бағалау құны нақты көрініске емес, болжамдарға құрылады. Алда тұрған өзгерістер үшін әлеуетті айқындай инвестициялық шешімдер қабылдаудың негізгі факторы болып табылады.

McKinsey-дің шолуында қолданбалы жасанды интеллект, биоинженерия, иммерсивтік нақты жағдай технологиялары, машиналы қоқыту секілді және басқа да ондаған келешектің үрдістері атап көрсетіледі.

Бұл бағыттардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келешекте пайда табу үшін өсу динамикасы бойынша жақсы болжамдары бар. Халықаралық консалтингтік компания мегатрендтердің бірі деп орнықты тұтынуды атайды, оның төңірегінде көптеген басқа үрдістер құрылады. Ол экологиялық тәуекелдерді жою мақсатында өнеркәсіптік және жеке тұтынуды технологиялық түрлендіруді білдіреді.


2023 жылдың басында Freedom Finance Global талдаушыларының ұсынымдары арқасында инвесторлар небәрі бір күннің ішінде американдық электрмобильдер өндірушісі Lucid Group Inc.-тің (LCID) акцияларынан бүтіндей 40% табыс таба алды. 26 қаңтар күні $9-ға сатып алынған бағалы қағаздарды келесі күні $13-ке сатуға мүмкін болды. Саланың ең танымат өкілі Tesla (TSLA) да клиенттерге жақсы табыстылықты қамтамасыз ете алды.Е ң көп пайда 60% деңгейінде тіркелді. Компанияның акциялары мұндай нәтижені биылғы жылдың ақпан айында – идея бастау алған сәттен бері бір айдан аз уақытта көрсетті.

Тактикалық трендтер негізінде портфолионың қалыптастыруы

Ұзақ күтуге дайын емес адамдар үшін брокерлер қазіргі уақытта болып жатқан белгілі бір тактикалық трендтерге ситуациялық инвестициялық портфельдерді ұсынады. Олар макроэкономикалық талдау негізінде бір сәтте қалыптасады. Максималды фокус сіздің активтеріңізді дәлірек әртараптандыруға және негізгі бағыттарды дәл алуға мүмкіндік береді.

Отандық инвесторлар арасында жеке тақырыптарға қызығушылық бар, олардың айналасында олар өз портфелін қалыптастырады. Сарапшылар таңдау кезінде бизнесі салымшыға барынша түсінікті компанияларды басшылыққа алуға кеңес береді.

2022 жылы мұнай акцияларының портфелі ең көп сұранысқа ие және тиімді инвестициялардың бірі болды. Техастағы ең ірі мұнай сервисі Schlumberger N.V. (SLB) екі айда 11,4% өсім көрсетті, АҚШ-тың Baker Hughes (BKR) трансұлттық компаниясы 21 күнде 17,4% кірістілік берді, ал тағы бір сала көшбасшысы – Kinder Morgan (KMI) қағаздары 36 күнде 10,4% өсті.


IPO мұқият талдауды қажет етеді

IPO-ны бірінші рет жариялау – бұл компанияның өсу сатысында екенін және қызметті одан әрі кеңейту үшін капиталды қамтамасыз ететін қоғамдық нарыққа қол жеткізе алатындығын көрсететін маңызды белгі. 2000-2023 жылдар аралығында 5992 IPO өткізілді (2023 жылғы 24 сәуірдегі деректер). 2021 жылы 1035 IPO өткізілген барлық уақыттағы рекордтық көрсеткіш болды, бұл 2020 жылы 480 жариялаудың алдыңғы шыңын бұзды.

Егер сіз жаңа ашық компанияның акцияларына қызығушылық танытсаңыз, тәуекелге салыстырмалы түрде жоғары төзімділікке ие болуыңыз керек. Үлкен кірісті ұсынатын инвестициялар да белгісіздік деңгейінің жоғарылауымен байланысты. Жан-жақты зерттеу барлық инвестициялар үшін маңызды, бірақ IPO егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарының назары мен жоғары бағалары әрқашан тиімді инвестицияларға кепілдік бермейді.

2019 жылы әлемдегі ең ірі өсімдік негізіндегі ет алмастырғыш өндіруші Beyond Meat NASDAQ биржасында IPO өткізді. Сол кезеңде қағаздар компаниялар 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейінгі ең күшті дебюттік сессиясы бар акциялар ретінде тарихқа енді-олардың бағасы 163%-ға көтерілді. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жылдам дамып келе жатқан IPO болды. Әлемдік сарапшылардың қуанышын қолдамаған жалғыз адам – Freedom Finance Global қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Абдикаримов болды, ол акциялардың күрт төмендеуін дұрыс болжады. Bloomberg атап өткендей: «Алматылық сарапшы Уолл-стрит инвесторларын Beyond Meat IPO-ның жойқын «аюлар» болжамын ұсынған кезде таң қалдырды».


2012 жылы, Facebook Inc. компаниясы алғашқы жариялауға шыққанға дейін, Ерлан Абдикаримов сауалнамаға қатысқан барлық Bloomberg-тің ең төменгі мақсатты бағасын белгілеп, компания акцияларының құнының төмендеу тенденциялары туралы жеткілікті агрессивті болжам жасады және компанияның акцияларын олар саудаласа бастағаннан кейін бірден сатуға ұсыныстар берді. Бұл болжам орындалды және бірінші жылы олардың құны 30%-ға төмендеді.

Балама құралдарды табу

Портфельді әртараптандыру – табысты инвестордың басты қағидаттарының бірі. Акциялар мен облигациялар сияқты дәстүрлі нұсқалардан басқа, қор нарығы басқа қаржы құралдарына толы. Олардың арасында опциондар, фьючерстер, биржалық инвестициялық қорлар (ETF), тауар биржалары, индекстер және басқалары бар.

Нарықтың құбылмалылығына байланысты түзету жыл сайын амплитудасы мен формасы жағынан күрделене түседі. Кәсіби сарапшылар активтердің кең кластарында импульстің өзгеруін ерте анықтауға тырысады.

«Біздің команда әлеуетті идеялар ретінде қарастырылатын активтер пулын үнемі кеңейтіп отырады. Бүгін біз елдік ETF-ті перспективалы бағыттардың бірі ретінде қызығушылықпен зерттеп жатырмыз. Мысалы, қазір бюджеттік реформа жүріп жатқан және облигацияларға капитал ағыны бар Бразилияны алсақ. Ұлттық валютаны нығайту қор нарығын дамытуға қуатты серпін береді. Біз сондай – ақ оны өз бетінше талдау және тұтынушылардың пайдалануы үшін түсінікті ету үшін әдістеме бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті Freedom Finance Global қаржылық талдау департаментінің директоры.


Инвестициялаудың дұрыс нұсқасын таңдаудағы қиындықтар кезінде сарапшылардың кеңестеріне жүгінген жөн. Freedom Finance Global статистикасына сәйкес, инвестицияны іске асырудың орташа мерзімі 42 күнді құрайды. 2020 жылы беделді Bloomberg ақпарат агенттігі компанияның талдаушысын үздік деп таныды. Сондай-ақ, ұйым мамандары Global Banking & Finance Review британдық журналының Best Research House Central Asia 2020 номинациясы бойынша жүлдегер атанды. 2021 жылы брокердің аналитикалық тобы International Finance Awards халықаралық сыйлығын Best Research House санатында жеңіп алды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x