Back

Қазақ тілін үйренуге уақыт жоқ – Бибісара Асаубаева

Танымал шахматшы Бибісара Асаубаева не себепті ана тілінде сөйлемейтінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Кестем өте тығыз. Отбасымызда бәрі негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақ тілін үйренуге уақыт жоқ.

Айталық, сәуір айында үш турнирге қатыссам, мамыр айына екі турнир жоспарланған.

Бұл жерде шахматты немесе тіл үйренуді таңдауым қажет. Бірақ мен тырысып жүрмін, – деді 19 жасар шахматшы орыс тілінде.

Айта кетейік, Асаубаева Астанадағы Satty Zhuldyz турниріндегі кездесулерін нық сеніммен бастады.

Қазақстандық бойжеткен шахмат әлеміндегі аңызға айналған Владимир Крамникпен тең ойнап шықты. Бибісара салмақты ойын көрсеткен.

Тағы оқыңыз:

Қарапайым бояуға 2 млн теңге жұмсамақ болған. Бірақ бұған Антикор жол бермеді

Мухоряповтың бизнесін Турлов сатып алды. Рамиль демалысқа кетті