Алматыда әйелдің басын кесіп, дүкенге тастап кеткен күдікті ұсталды

Dalanews 24 сәу. 2023 02:42 224

Алматыда әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеген күдікті ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Orda.kz сайтының хабарлауынша қолға түскен ер адам кінәсін мойындамаған. Бірақ жедел уәкілдердің қолында барлық қажетті айғақтар бар.

Еске салайық, 12 сәуір күні сағат 08:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің басы кесілген денесінің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен-ді. Бұдан кейін өлтірген әйелдің басы базардағы шұжық дүкенінен табылған болатын.

Күдікті өткен аптаның басында ұсталған. Оны бейнебақылау камераларының арқасында есептеу мүмкін болды.


Дереккөздің хабарлауынша, кадрлардан ер адамның Алматы-1 жолындағы базарға автобуспен бара жатқанын көруге болады. Болжам бойынша, ол психиатриялық есепте тұрған.

Ал кесілген бас табылаған дүкенді ұстайтын әйел қатты күйзеліске ұшырағаны мәлім болды.

– Мен әлі есімді жия алар емеспін. Жаңалықтарды оқығанда, интернеттен немесе теледидардан мұндай жағдайларды көргенде бір нәрсе. Ал осы оқиға куі болуыңыз – өте ауыр. Адамдардың қаншалықты қатыгезденгенін сезінудің өзі қорқынышты, – дейді әйел.


Оның айтуынша, сол күні оның дүкеніне пакет ұстаған ер адам келіп, бір-екі минут тұрып, кетіп қалған. Ол қалыпты көрінді және ұқыпты киінген. Кейін әйел күдікті пакетті байқап қалып, күзетшілерді шақырған. Олар одан кесілген бас тапқан.

Полицейлердің мәліметінше, марқұм 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған әйел болып шықты.

https://dalanews.kz/news/88534-qarapayym-boiauga-2-mln-tengge-zhumsamaq-b

https://dalanews.kz/news/88513-masimov-18-zhylga-sottaldy

https://dalanews.kz/kogam/88492-auyl-amanaty-auyl-turgyndarynyng-tab

https://dalanews.kz/news/88485-investiciialyq-ideiany-qalay-durys-tang

https://dalanews.kz/news/88465-qazaq-tilin-uyrenuge-uaqyt-zhoq-bibi

https://dalanews.kz/news/88447-satqaliev-tagy-da-zhazyq-zherde-surindi

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x