Cоңғы жаңалықтар
Back

Сәтқалиев тағы да жазық жерде сүрінді

Осыған дейін ҚР Энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан ресейлік “Газпромынан” «арзан» газ сатып алып, оны еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне тарататын айтып, сүйінші сұраған еді.

Сәтқалиевтың Астанада отырып сүйіншілегені Мәскеудегі «Газпромның» бастықтарының құлағына жеткен. Несін айтасыз, арзан газға қатысты әңгіме «Газпромның» шымбайына қатты батса керек. Олар Сәтқалиевтың мәлімдемесін жоққа шығарып, хабар тартты.

Таяуда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистерге ресейлік газ солтүстік және шығыс өңірлер үшін Қазақстанға Беларуське сатқаннан әлдеқайда төмен бағаға газ сататытын айтып, қауаншыты хабармен бөліскен еді. Сол сөзі бүгін Сәтқалиевтың басына таяқ болып тиді.

Күні кеше ғана «Газпромның» ресми өкілі: «ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Қазақстанға сатылатын ресейлік газ бағасына қатысты ақпарат құралдарына берген түсініктемесі шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз» деп қысқа қайырыпты.

Әлі келмеген газадың бағасын жұртқа жария етіп, ұпай жинауды көздеген министр осылайла ұятқа қалды. Мұның алдында Сәтқалиев өзінің Назарбаев әулетімен құдаласпағанын министрліктің баспасөз қызметі арқылы хабарлап, жұртты бір дүрліктірген еді.

Енді елге жетпеген газдың бағасын бірінші болып айтып, тағы да жазық жерде сүрінді.

Түркияда әр 3 минут сайын бір электрокөлік құрастырылуда – Ердоған

Қарапайым бояуға 2 млн теңге жұмсамақ болған. Бірақ бұған Антикор жол бермеді

Мәсімов 18 жылға сотталды

“Ауыл аманаты”: Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған қандай нақты шаралар қолға алынады?

Инвестициялық идеяны қалай дұрыс таңдауға болады?