Back

Қаллеки  театры – Алматы  қаласында!

2-8 мамыр аралығында Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік сапары өтеді.

Гастрольдік сапар аясында Қаллеки театрының репертуарындағы үздік қойылымдар, атап айтқанда Т.Әсемқұловтың «Құнанбай» драмасы (режиссері – Б.Ұзақов), М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы (Режиссері – О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина), О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы (режиссері – Б.Сұлтанғазы), Халифа Алтай, Хасен Оралтайдың «Алтайдан ауған ел» қойылымы (режиссері – Ф.Молдағали), А.Менчеллдің «Сен маған керексің» трагикомедиясы (режиссері – Ұ.Қарыпбаев), Н.Гәнжәуидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (Б.Абдураззаков), Ғ.Мүсіреповтің «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы (режиссері – Г.Балпейісова),  С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы (режиссері – Б.Ұзақов), Р.Мұқанованың «Бопай ханым» (режиссері – Ж.Жұманбай) тарихи трагедиясы  Алматы көрермендеріне ұсынылады.

 

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Алматы қаласында ұсынатын гастрольдік қойылымдары.

 

 

2 МАМЫР

сейсенбі

 

18.30

үлкен сахна

Гастрольдік сапардың ашылуы

«ҚҰНАНБАЙ»

/драма/ 12+

Авторы: Т.Әсемқұлов

Режиссері: Б.Ұзақов

 

3

МАМЫР

сәрсенбі

18.30үлкен сахна

 «АЙМАН-ШОЛПАН» 

/музыкалық комедия/ 14+

Авторы: М.Әуезов

Режиссерлері: О.Жақыпбек

Ш.Мұстафина

21.00кіші сахна

«ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ»

/драма/ 16+

Авторы: О.Бөкей

Режиссері: Б.Сұлтанғазы

 

 

4

МАМЫР

бейсенбі

15.00

 

 

18.30

үлкен сахна

«АЛТАЙДАН АУҒАН ЕЛ»

12 +

Авторы: Х.Алтай, Х.Оралтай

Режиссері: Ф.Молдағали

 

 

5

МАМЫР

жұма

 

18.30

үлкен сахна

«СЕН МАҒАН КЕРЕКСІҢ»

/трагикомедия/ 16+

Авторы: А.Менчелл

Режиссері: Ұ.Қарыпбаев

 

кіші сахна

«ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН»

/поэма/ 14+

Авторы: Г.Низами

Режиссері: Б.Абдураззаков

6

МАМЫР

Сенбі

 

18.30

үлкен сахна

«БАЯН СҰЛУ – ҚОЗЫ КӨРПЕШ»

/музыкалық драма/ 16+

Авторы: Ғ.Мүсірепов

Режиссері: Г.Балпейісова

 

7

МАМЫР

жексенбі

 

18.30

үлкен сахна

«ШӘМШІ»

/элегия/ 12+

Авторы: С.Тұрғынбекұлы

Режиссері: Б.Ұзақов

 

21.00

кіші сахна

«ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ»

/драма/ 16+

Авторы: О.Бөкей

Режиссері: Б.Сұлтанғазы

8

МАМЫР

дүйсенбі

 

18.30

үлкен сахна

Гастрольдік сапардың жабылуы

«БОПАЙ  ХАНЫМ»

/тарихи трагедия/ 12+

Авторы: Р.Мұқанова

Режиссері:Ж.Жұманбай

 

Өтетін орны: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры

 

 

 

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік қойылымдары

 

Гастрольдік сапардың ашылуы

2 мамыр 18.30

 

Таласбек Әсемқұлов

«ҚҰНАНБАЙ»

драма

 

Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов.

Киім суретшісі: Шынар Елембаева.

Музыкамен көркемдеуші: Олжас Жақыпбек.

Балетмейстер: Олжас Жақыпбек, Асан Боранчиев.

Дыбыс режиссері: Ләззат Қыстықбаева.

 

Өткен уақытқа өкініш бар ма? Бәрі Алланың ісі. Қазақты қашан сыртқы жау алып еді… Ата-бабаның салтынан аттап шариғатты бұзған имансыз, ел естімеген сұмдыққа барған азғынды қазір болса да аяман. Өңешін өз қолыммен суырып алар едім. Алдағы сергелдең заман болжаусыз қара мұнар дәуірге өзімнің жұтылып бара жатқанымды анық сезем. Не амал бар? Шығар жол қайда?

 

3 мамыр 18.30

Мұхтар Әуезов

 «АЙМАН-ШОЛПАН»

музыкалық комедия

 

Спектакльдің сахналық нұсқасын жасаған режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Әлімбек Оразбеков.

 

Режиссерлер: Олжас Жақыпбек, Шырын Мұстафина.

Бас дирижер: Ерлан Бейсембаев.

Дирижер: Маралжан Мырзақұлова.

Хореограф: Шырын Мұстафина.

Киім суретшісі: Алма Сырбаева.

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов.

Композиторлар: Олжас Жақыпбек, Қайрат Тоқымбетов.

Нота мәтінін өңдеген: Айша Сырымбай.

Әндердің сөзін жазған: Қанат Жүнісов, Мирас Әбіл.

Дыбыс режиссері: Абылай Энгельс.

 

М.Әуезовтің классикалық кейіпкерлері – Айман мен Шолпан бүгінгі заманғы «олигархтың» ерке қыздарына, Әлібек интеллигенция өкіліне, Арыстан мен Көтібарлар «жаңа қазақ» бейнесіне айналмақ. Ең бастысы көрермен бүгінде махаббаттың құны әлі де жоғары екендігіне көз жеткізеді.

Осы қойылым астарында біздің бүгінгі Аймандарымыз бен Шолпандарымыз қандай? Сол Көтібар, Арыстан, Әлібектер дәл қазір қалай өмір сүруде? Бұрын қандай едік, бүгін қандай күйге түстік? – осындай өзіне де өзгеге де қойған сұрақтары жатыр.

 

3,7 мамыр 21.00

Оралхан Бөкей

«ҰЙҚЫМ  КЕЛМЕЙДІ»

драма

 

Қоюшы режиссер: Бәзіл Сұлтанғазы.

Хореограф: Сағыныш Нұрхайдарова.

Лейтмотив авторлары: Әнуар Бектас, Қобыланды Болат.

 

Мынау жер мен көктің арасында адассақ – адасайық. Адамдар адасу арқылы бір-бірін тауып, бір-біріне сүйеуші болады да. Әлде сіз жол нұсқайтын, жөн нұсқайтын бағыт-бағдаршы боларсыз; әй, қолыңыздан келмес; өйткені сіз де адасып жүрсіз…

 

4 мамыр 18.30

Х.Алтай, Х.Оралтай

 «АЛТАЙДАН  АУҒАН  ЕЛ»

 

Спектакльдің сахналық нұсқасының авторы –  Мирас Әбіл.

Режиссер: Фархад Молдағали.

Сценография: Қанат Мақсұтов.

Киім суретшісі: Алма Сырбаева.

Композитор: Олжас Жақыпбек.

Лейтмотив авторлары: Алмахан Кенжебекова, Ермұрат Зейіпхан

Хореограф: Шырын Мұстафина.

Хормейстер: Ержан Сансызбаев.

Жарық қою бойынша суретші: Азамат Бекбембетов

 Қазақ тарихындағы «азалы көш», «қаралы көш», «соңғы көш» сынды ұғымдарға айналып, қаламмен емес, қанмен жазылған бабалар кешкен зұлмат күндер пьеса болып, арнайы сахнаға лайықталып жазылмағандықтан, қанша уақыт бойы толғатып, театр тілімен сөйлейтін күнін күтіп жатқанын жанымыз сезеді. «Алтайдан ауған ел» атты спектакльді дүниеге әкелу барысында біз сол тылсым күшті, бабалар рухын сезіндік. Қойылымға «жанр» қоюға да қиналдық. «Кейіпкерлер» деп жазуға да жүрексіндік. Қойылымдағы бір көште бірнеше көштің ізі бар, бір кейіпкерде бірнеше адамның тағдыры бар… Ал біздің басты міндет – сол тарихты, сол шындықты көркем өнердің тілімен көрермен жанына жеткізу. Осы қойылым – «Елім» деп еңіреп, еркіндік үшін құрбан болған жан иелерінің басына қойған көк шұбар тас, мәңгілік ескерткіш болсын!

Халифа Алтай: Біздерге «сатқын», «қашқын» деп қарайтынын да жанымыз сезетін. Осыны ойлағанда көңіліміз алай-дүлей болады. Бірақ біз бір шыбын жан үшін елден, жерден еріксіз ауған пенделер едік. Атажұрттан алыстаған сайын ел мен жердің қадірін де біле түсеміз. Ең болмаса бір уыс топырақ та қалтамызда жүрмеді, санамызды сағыныш қана биледі. Туған жерді бойтұмардай көңіліміздің түкпірінде сақтадық. Алдында айыбымыз болса айт, атамекен! Күндердің күнінде ақ-қарамыз ашылып, кінәсіздігімізге келер ұрпақтың көзі жетер.

Хасан Оралтай: 1960 жылдың аяғында Ыстанбұл қаласының Зейтінбұрны ауданының көшесінде кетіп бара жатыр едім, қарт бір қазақ әйелі: «Қарағым, Қасенбісің? Жігіт болыпсың ғой!»-деп келіп бетімнен сүйді. «Қалибек Хакім аман ба? Қайран жарықтық, елдің алдында жалғыз жүріп отырып, Үндістанға жеткізді ғой! Осының бәрі – сол кісінің арқасы»,- деді. Ол Құдайға, ал оған ерген ел де бір білгені бар шығар деп Қалибек Хакімге сенуші еді. Бұл сенім, яғни, Аллаға және басшыға деген сенім, елден осылай аууға, Такламакан шөлінен өтуге, Гималай тауынан асуға, сонау Түркияға дейін баруға жеткізген күш еді.

 

5 мамыр 18.30

Айвон Менчелл

«СЕН  МАҒАН  КЕРЕКСІҢ»

трагикомедия

Режиссер: Ұланмырза Қарыпбаев.

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов.

Костюм суретшісі: Шынар Елембаева.

Хореограф: Салтанат Сұңғат.

Жарық қою бойынша суретші: Азамат Бекбембетов.

Дыбыс режиссері: Қарлығаш Танабаева.

 

Сенің бейнең әлі көз алдымда. Саған деген сағыныш мені күнде осы жерге әкеледі. Саған келсем, жүрегім тынышталады. Айналамдағы адамдардан тек өзіңді іздеймін… Мен сені сағындым… Сен маған керексің…

 

 

6 мамыр 18.30

Ғабит Мүсірепов

 «БАЯН  СҰЛУ – ҚОЗЫ КӨРПЕШ»

музыкалық драма

Режиссер: Гүлнәз Балпейісова.

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов.

Киім суретшісі: Алма Сырбаева.

Хореограф: Ильмира Иманғазина.

Композитор: Олег Синкин.

Музыкалық жетекші: Маралжан Мырзақұлова.

Жарық қою бойынша суретші: Азамат Бекбембетов.

Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова.

 

Музыкалық спектакльдің қоюшы режиссері – Мәс­кеуден шақырылған жас театр маманы, әлемдік режиссураның алыбы әйгілі Римас Туминастың төл шәкірті, Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші режиссерлерінің бірі Гүлназ Балпейісова.

 

«Сен үшін күресетін мың батырдың бәрі – мен!»

 

 

7 мамыр 18.30

Серік Тұрғынбекұлы

«ШӘМШІ»

элегия

Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов.

Хормейстер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев.

Музыкамен көркемдегендер: Олжас Жақыпбек, Айша Сырымбай.

Хореограф: Адыл Эркинбаев.

Киім суретшісі: Алма Сырбаева.

Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова.

 

«Вальс королі» атанған ұлы композитор қиялы нені аңсады, жаны неден күйзелді, неге құстай талпынды?!  Айтулы ақын Серік Тұрғынбекұлы «Шәмші» атты туындысын текті туған дара дарынның ешкімге ұқсамайтын  тылсым табиғатына үңілуге, жан сарайының психологиялық иірімдеріне мән беруге ұмтылған. Шынайы талант иесі қашанда қорғансыз, тіршілікке икемсіз екен. Шәмші деген төгілген ән-әуен ғой. Спектакль сарыны Шәмші әндері арқылы ашылады.

Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың«Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең…», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан»,А.Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалады.Мұқағали Мақатаевтың «Жазылар естеліктер мен туралы», Қалқаман Сариннің «Мінәжат-монолог», «Көп қарғаның аңдығаны – өлексе» өлеңдері оқылады.

 

 

 

Гастрольдік сапардың жабылуы

8 мамыр 18.30

Роза Мұқанова

«БОПАЙ  ХАНЫМ»

тарихи трагедия

 

Қоюшы режиссер: Жұлдызбек Жұманбай.

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов.

Композитор: Ғалымжан Секеев.

Киім суретшісі: Әсел Лұқпанова, Маржан Әбілдина.

Хореограф: Карина Жиренбаева.

Хормейстер: Ержан Сансызбаев.

Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова.

 

«Үш басты жылан бірін-бірі жеңемін деп жүргенде уақыт озады, өздері де тозады. Жыланда бір бас, бірнеше құйрық болғаны ыңғайлы».

Бопай ханым – Әбілқайырдың зайыбы, қиын күндерде ел тыныштығы мен бірлігі үшін пенде басындағы қайғыны да, ауыртпалық пен алауыздықты жеңе білген көреген қазақ әйелі.

Әбілқайырдан кейінгі ұлт тағдырының таразысы тек Бопайға біткен болмыс, Бопайға берілген құзырет. Бопайдың қайраткерлік тұлғасы, асыл ана ретінде тәрбиелік өнегесі – ұлтқа мақтаныш, ұрпаққа үлгі.