Кабельдік каналдың қақпағын ұрлаған ер адам жазаға тартылды

Dalanews 28 нау. 2023 14:36 128

«Астана-АЭК» АҚ кәсіпорынның қоймасынан кабельдік каналдың 12 қақпағының ұрланған кінәліге қатысты үкім шықты ғарылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласының Алматы аудандық соты елорда тұрғынын кәсіпорынның мүлкін ұрлады деген айыппен қылмыстық істі қарады.

2023 жылғы 2 ақпанда Ш. деген азамат Шарбақты көшесіндегі қоймаға заңсыз кіру жолымен кабель каналының 12 қақпағын ұрлап, «Астана-АЭК» АҚ-ға 211 050 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.

2023 жылдың 17 наурызындағы сот үкімімен сотталушы ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x