ҚазҰУ студенттері сайлауда белсенділік танытты

Dalanews 19 нау. 2023 09:27 327

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы сайлау учаскелері ашылысымен, студенттер белсенді дауыс беруде , – деп хабарлайды Dalanews.kz

Декандар, кураторлар мен оқытушылар тарапынан студенттерге ешқандай қысым болған жоқ. Университет студенттері өзіндік азаматтық ұстанымымен, қоғамдағы саяси процестерге белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Сондықтан студенттер арасында еріктілік, өз ойларын ашық түрде білдіру еркіндігі, қағидаты үнемі сақталады.

Учаскелердегі кезектер сайлаушылар санының біршама біркелкі болмауына байланысты болды. Атап айтқанда, № 568, 258 және 259 үш сайлау учаскесінде дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 4093 құрайды, оның ішінде 841 - жақын орналасқан үйлердің тұрғындары және 3252 - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері.

Оның ішінде: № 568 учаске - барлығы 810, № 258 – 1010 және № 259 учаскеде - 2272 сайлаушы тіркелген. Сонымен қатар, 4 (төрт) бюллетеньді толтыру уақыт алатынын және кезектің пайда болуына ықпал ететінін ескеру қажет.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар