Отандастарымыз сайлауға үлкен ынтамен қатысуда – Асхат Оралов

Dalanews 19 нау. 2023 08:03 250

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Астана қаласындағы №130 сайлау учаскесіне барып дауыс берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz

– Бүгінгі сайлауда дауыс беріп, азаматтық борышымды өтедім.

№130 сайлау учаскесінде белсенділік өте жоғары, бұл отандастарымыздың саяси процеске үлкен ынтамен қатысып жатқанын көрсетеді және бұл қуанарлық жағдай.

Қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, өз таңдауын жасауға шақырамын, – деп министр Фейсбук әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x