Cоңғы жаңалықтар
Back

Гаага соты Путинді тұтқындауға ордер берді

Бүгін Халықаралық Гаага соты Владимир Путинді Ресей территориясын тысқары жерде тұтқындауға қатысты ордер берді. Бұл турасында Украинаның Бас прокуроры Андрей Костин мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осылайша халықаралық сот Ресей президентіне украиналық балаларды Ресейге заңсыз депортатциялап, халықаралық қылмыс жасады деп ресми түрде айып тақты.

Гага соты Путинмен бірге Ресейдің бала құқын қорғау жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы да тұтқындауға қатысты шешім шығарды.

– Енді әлем елдерінің көшбасшылары Путиннің қолын алып, онымен бір дастархан басында отыру үшін он ойланып, тоғыз толғанып шешім қабылдайтын болады. Осылайша әлемдік қауымдастық Ресей басшысымен оның жандайшаптары қолын қанға малған қылмыскер екенін айқындап берді. Осы маңызды шешімді қабылдаған Гаага сотына Укриана халқы алғыс айтады, – деді Андрей Костин.  

Өз кезегінде Андрей Костин Ресей басқыншыларының Украин балаларын күштеп депортатциялауға қатысты ісі 40 томға жуықтағанын айта келе, алдағы уақытта Гаага сотымен ынтамақтасып жұмыс істейтіндерін жеткізді.

Соғыс басталғалы Луганск, Донецк, Харьков және Херсон облыстарынын Ресейге 16 мың бала күштеп қоныстандырылғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз:

Түркістан облысының мектептеріне 71 автобус берілді